11
сентябрь
2024
«Менің болашақтағы мектебім» сурет байқауы
«Бірлесу-Еңбек» орта мектебінде 11-ші қыркүйек күні 8-сынып оқушыларымен «Менің болашақтағы мектебім» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Мақсаты: әр бір оқушының өз қиялындағы, яғни армандаған мектебін қағазға түсіріп, оқушы үнімен байланыстыра отырып, болашақ заман талабына сай мектептің ірге тасының қалануына әсер ете алатын тұлғаны қалыптастыру болатын. Байқау барысында сынып төрт топқа бөлініп, өздері арамандаған мектептің суретін салды. Әр бір топ өздерінің шығармашылық туындысын қорғау барысында ұққанымыз: әр оқушының жеке партасы, өз компьютері және жеке өз заттарын қоятын электронды жәшігі болады. Ұстаздарды және өзін қызықтыратын пәнді өзінің болашақ мамандығына сәйкестендіріп, оқушы өзі таңдау жасайды. Шет елдің таңдаулы жоғары оқу орнына түскісі келетін оқушылармен ұстаздар сол елдің тілінде сабақ оқытып, арнайы дайындайтын болады. Сөмке арқалап, кітап тасылмайды, бәрі электронды түрде болады. Оқушылар өзі қалаған спорт секцияларына ғана барады. Спортсмендерді әр жаттықтырушы өзі дайындайды. Оқушылар өздерінің қиялындағы түрлі ерекшеліктерге толы болашақ мектептерін суреттеп берді. Байқауды ұйымдастырушы 8-сынып жетекшісі Әбдіғалиева Гүлмира әпкей байқауда белсенділік танытқан топтарды марапаттады.