20
февраль
2024
"Менің болашақ мамандығым" сурет байқауы
«Бірлесу-Еңбек» орта мектебінде 2024 жылы ақпан айында кәсіби бағдар беруші педагог Т.Коштаеваның ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Сайыстың мақсаты оқушыларға кәсіби бағдар беру, әрбір баланың жеке ішкі арманы мен қабілеттерін анықтау болды. Сайыс барысында оқушылар өскенде кім болатынын, не себепті ол мамандықтың ұнайтынын және өздерінің сол мамандыққа байланысты суреттерін таныстырды. Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.