04
апрель
2024
"Сенім менің серігім"
"Сенім менің серігім"
Мектебімізде 04.04.2024жылы кәсіби бағдар беруші педагог Т.Коштаева мен мектеп психологы Н.Мамырованың ұйымдастыруымен "Сенім менің серігім" тақырыбында тренинг болып өтті.
Тренинг-жаттығудың мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру
Қатысқандар: 11 сынып оқушылары
Күтілетін нәтиже:
•Емтиханға дайындық тиімділігін арттырады
• Емтихан кезінде психологиялық тұрғыдан өзін дұрыс ұстауды үйренеді.
• Ойлау жұмысын дамытуға әрекет етеді.
• Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білуді үйренеді.
• Өз эмоцияларын басқара алуды үйренеді.
Тренингтің ережесі:
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2. Достарыммен жақсы қарым-қатынаста болу;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену.