11 - сынып диктант Астана - Отанымыздың жүрегі. Тәуелсіздік-ел тірегі
Тәуелсіздік-ел тірегі 11 - сынып
Тәуелсіз Қазақстан.Тәуелсіздік.Яғни, дербес,егеменді мемлекет.Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл уақыт та зымырап келіп қалды.Ал тарих үшін бұл уақыт қас-қағымдай-ақ.Өйткені, қаншама ғасырларды аясына алып құшақтаған тарих қойнауы талай халықтардың,талай ұлы мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген.Солай бола тұрса да,бізге өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат.Неге десеңіз,ол бізге ата-баба рухын көтергені үшін,мемлекетіміздің сөнген отын жандырғаны үшін,елімізді әлемдік қауымға ендіргені үшін және «қазақ»деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін қымбат.
Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан Тәуелсіздіктің отыз жылының тәтті дәмі жаңа ғасыр басындағы күндерде таңдайымызды үйіре түскендей. Қазір киелі ұғымды отыз жылдықтың қарсаңында елдік негізде дамыта сипаттап түзеуіміз керек, кеудемізде үміт оты бар, сенім бар. Отыз жыл ішінде жетістіктерімізбен бірге кемшіліктеріміз де, жеңістерімізбен бірге сәтсіздіктеріміз де бар болды. Бірақ олар тарихтың еншісіне айналып отыр. Сонда да осы отыз жыл өзінің қиындығы мен қуанышы жағынан , істелген істердің маңызы жағынан, ауқымы мен тегеуріні жағынан болашағымызды айқындайтын іргетас ретінде қалыптасып отыр. Дәл қазіргі заманда тәуелсіз тудың астында тәуелсіз күн кешуді сезінуден артық азаматтық бағыт бар ма?!Әрбір қазақстандық бала кезінен: «Менің Отаным-Қазақстан. Оның мен үшін жауапты екені сияқты,мен де ол үшін жауаптымын»,-деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі керек. Әрине, бұның бәрі – тәуелсіздік аңсаған халқымыздың арман-тілегі.
Тәуелсіздік... өкіндірмейтін отыз жылдық өмір! Барлығы өз тағдырымыз.Қуанышты жетістіктер де өзіміздікі,яғни тәуелсіздік қазақтікі. (198 сөз)
Астана-отанымыздың жүрегі 11-сынып
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп – қонып жүрген. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнынт апты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақтытүйгенкөрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда, 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған.
Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елдің Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты.
Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш – Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.
225сөз