15
декабрь
2017
Тәуелсіздікпен жаңғырған Қазастан
«Бірлесу – Еңбек» орта мектебі
Сыныбы:5 «А»
Сынып жетекшісі: Крикбаева Ильмира
2016-2017
Тақырыбы: «Тәуелсіздікпен жаңғырған Қазақстан!»
І жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
ІІжүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Мұғалім:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…
Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама,
30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет,
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай…
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2. Прагматизм
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.
6. Сананың ашықтығы
І жүргізуші:Армысыздар
қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 1986 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
«Әнұран»
Досымжан:
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
І жүргізуші:
Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
ІІ жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан
кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
І ж: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
ІІ ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
ІІ ж: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
Нұрай:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
І- жүргізуші:
Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі –
қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта
болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.
— Пленум шешіміне қарсымыз!
— Әр ұлтқа өз басшысы!
— Колбинді әкетсін!
— Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2
адамдарды ұстап алады.
— Қайрат!
— Қайрат! – деп топ шуласып
тарайды.
КӨРІНІС:
Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.
—
Қыздар, мен газет әкелдім
—
Қане, не жаңалық бар екен?
—
Пленум болыпты.
—
Қонаевты орнынан алды дейді.
—
Онысы несі?
—
Орнына кім болыпты?
—
Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
—
Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
—
Т.б.
Жастар шуласып жатады:
ІІ жүргізуші:
Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан
бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,
Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету
парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
Рамазан:
Қасиетті Қазақстаным,
мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі
дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне
бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын
аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
І жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге
енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
ІІ жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.
1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
І жүргізуші:
1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
ІІ жүргізуші:
1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
І жүргізуші:
Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
ІІ жүргізуші: Тәуелсіздіктің
көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың
ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 26 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Бекзат:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Елнұр:
Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
Ерсұлтан:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Бейбіт:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Тұңғышбай:
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
Жасұлан :
26 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Ролан:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
26 жасың құтты болсын нұр елім.
26 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
І-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
ІІ-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Бейбіт:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Ән: «Атамекен»
І-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
[center]