02
февраль
2023
"Тілдер бірлестігінің айлығы"
02.02.2023жылы "Бірлесу-Еңбек" орта мектебінде Тілдер бірлестігінің "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте" тақырыбында салтанатты түрде айлықтың ашылуы өтті.
Айлықтың тақырыбы: Тілдер пәндері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдері.
Мақсаты:Тілдер пәндері арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Міндеттері:
1.Тілдер пәндері арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру;
2.Тілдер пән сабақтарында оқушылардың қабілеттерін дамытудың тиімді әдістемелері, технологиялары мен әдіс-тәсілдерін зерттеу, жүйелеу, жинақтау, іріктеу тәжірибесін ұсыну;
3.Тілдер пән сабақтарында оқушылардың қабілеттерін дамытатын үлгілі ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізу;
4.Тілдер пән сабақтарында оқушылардың қабілеттерін дамытатын әдістері мен тәсілдеріне үйрететін шебер сыныптар, ашық сабақтар мен иыс сабақтар өткізу.
Күтілетін нәтиже: Тілдер пәндері арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру.