"Ұстаз-ұлы есім"
Бастауыш сынып мұғалімі: П.Қ.Ибрагимова
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұстаз-ұлы есім!
Сабақтың мақсаты:
Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, оқушыға
рухани тәрбие беру.
Сабақтың
түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу, тақырыпқа байланысты әндер айту
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер.
Мұғалім сөзі:
Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің
бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні
де келіп жетті.
Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі
мағынасы:жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге
тәрбиелеу.Яғни ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына
білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға.
Мейірім:
Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар
сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға
береке,шығармашылық табыстар тілейміз.
Жас ұрпақтың
жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер!
1-2-жүргізуші бірге:
Құрметіне
ұстаздардың тік тұрайық
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық
Аяулы ұстаздардың мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
Мұғалім:
Халқымыздың
батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз
тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де
ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған.
Азиз:
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім.
Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де
саналы, Отанын, туған жерін,
Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар
тәрбиелеуде мұғалімнің
Еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз.
Нұртас:
Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды.
Адиля:
Үйретіп өмір ұстамын,
Үлгілі іске нұсқадың .
Ақ көңіл іскер қашанда
Ақылшым менің –ұстазым
Інжу:
Көзімдегі шырағым
Ол – өзіңсің мұғалім
Сенен жиған білім-нәр
Нәрсені мол ұғамын.
Зәулім де асқақ шынарым
Жүрек жылы жыр-әнім.
ӘН: «Ұстазым» Б.Бейсенова (Мейірім)
Аңыз –әңгіме «Мұғалім»(Мейірім)
Ертеде бір ханның жалғыз қызы қатты ауырып
қалыпты. Қызын емдеп жазған адамға ат басындай алтын беремін деген хан бұйрығын
естігендер жер-жерден келіп қызды емдемекші болады. Бірақ ешбірінің емі қыздың
дертіне дауа болмайды.
- Биші де келеді
- Күйші де келеді
- Әнші де келеді
- Дәрігер де келеді
- Бұл хабар ұстаздар еліне де жетеді. Әліппесін
құшақтап ұлағатты ұстаз келеді. Ол қызға іші ілім-білімге толы әліппе оқулығын
ұстатып, 42 әріппенен таныстырып, «оқу» атты жарық дүниенің есігін ашады. Міне
сол уақыттан бері мұғалім адамзат баласына саналы да сапалы білім беріп,
жан-жақты дамытып,жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде.
Мұғалім – барша мамандықтың көш
бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік!
М -
мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ- ғазиз
А- ақылды
Л- лайықты
І- іскер
М- маман
Кәусар:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғалым дана да.
Думан
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
Мухаммед
Шәкірттерін азамат қып саналы
Ұстаз-ана , дана бола алады
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтеік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Азамат
Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
ӘН:
«Ұстазым» А. Асанов ( Азиз)
Бимұрат:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұлмаржан:
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің- мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен бірге шығар күн