Мектеп тәрбиеленушілерінің (МАД, шағын орталық) тіл дамыту бағыты бойынша фунционалдық сауаттылығының алғашқы білім деңгейі » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(713) 4-535622
Есепші бөлімі:
+7(713) 4-535622
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектеп тәрбиеленушілерінің (МАД, шағын орталық) тіл дамыту бағыты бойынша фунционалдық сауаттылығының алғашқы білім деңгейі
08
октябрь
2024

Мектеп тәрбиеленушілерінің (МАД, шағын орталық) тіл дамыту бағыты бойынша фунционалдық сауаттылығының алғашқы білім деңгейі

Тақырыбы: Мектеп тәрбиеленушілерінің (МАД, шағын орталық) тіл дамыту бағыты бойынша фунционалдық сауаттылығының алғашқы білім деңгейі
Мектепалды даярлық және 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың психологиялық-диагностикалық зерттеу қорытындысы
Мақсаты: Мектепке қабылданған оқушылардың психологиялық дайындығын және жаңа әлеуметтік ортаға түскен кездегі дағдарыс деңгейін, оқушылардың ерікті зейінінің даму деңгейі мен кеңістікті бағдарлау және қол қимылының жетілуін анықтау.
2024-2025 оқу жылының қыркүйек айында мектепалды даярлық тобындағы оқушылардың Т.А.Нежнованың «Мектеп туралы әңгіме» әдістемесі бойынша мектепке дайындық деңгейін анықтау диагностикасы жүргізілді.
Зерттеуге: Мектепалды даярлық тобы 14 оқушысы қатысты.
Топ жетекшісі –М.Лесова
Жүргізілуі. оқушыларға 9 сұрақ қойылды. Әрбір сұрақты оқушылар мұқият тыңдап, өз ойларын толық жауап беру ұсынылды. Оқушылар әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, мектеп жайлы өз пікірлерін білдірді. Оқушыларға мына сұрақтар қойылды.
1. Сенің мектепке барғың келе ме?
2. Мектепке барудың қажеттілігі қандай?
3. Сен мектепте немен айналысасың?
4. Мектепке бару үшін қандай заттар қажет?
5. Саған үйде оқыған ұнайды ма әлде мектепте ме?
6. Мектепте сабақ үстінде өзіңді қалай ұстау керек?
7. Саған тәртіпті сақтайтын мектепте оқыған ұнайды ма, әлде сақтамайтын ба?
8. Сабақ айтқанда мұғалімнен баға алғың келе ме, ойыншық па?
Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп отырды. Егер оқушы 5-9 сұраққа дұрыс жауап берсе оқушы мектепке дайындық деңгейінің жоғарылығын аңғаруға болады. Мектепке баруға дайын - 14 оқушы.
Мектепке баруға дайын емес - жоқ . Оқушылардың қабылдау деңгейлері, мектепке деген көзқарастары оң екенін байқауға болады. Дегенмен оқушылардың кейбірі әлі түс ажырата алмайды. 10-ға дейін санауды білмейді. Олар Дәулеткерей Шапағат, Құрманғазы Асыл, Сейдәлі Ерсұлтан, Жатқанбай Махаббат, Төлеген Тоғжан
МАД және шағын орталық тәрбиешілерінің оқу әрекеті барысындағы мақсаты балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік қорды байыту - айналадағы өмірмен таныстыру. Шығарма оқу, есеп, сурет т. б сабақтары мен тіл дамыту кезінде жүргізілетін әр түрлі жаттығулар барысында да іске асырылады.
Кейбір балардың әсіресе үйден келгендіктен сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың айтылуын, артикуляциясын дұрыс қолдана білмейтіні де кездеседі. Ондай балалардың көпшілігі р, л, с, ш, з, ж дыбыстарын алмастырып айтатыны байқалады. Сондықтан даярлық топта сөздің дыбыстық жағын қалыптастырудағы, ең алдымен сөздің дыбысталуын дұрыс айтуды жетілдіруге үнемі назар аударылып отыруы тиіс. Ол үшін сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс анық айту, үн, дауыс қарқынын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.
Зерттеу нәтижесі бойынша дамуында психологиялық кедергісі бар, қойылған сұрақты түсінбеген, сөйлеу дағдысы қалыптаспаған оқушылар анықталмады.
Мектеп жанынан ашылған шағын орталық тәрбиешісі А.Ембердиева . Еңбек өтілі -5 жыл, педагог-модератор санаты бар. Шағын орталықта 12 бала тәрбиеленуде. 24-қыркүйек күні ұйымдастырылған іс-әрекетке қатыстым. Сол күні- 10 бала қатысты. Сөйлеуді дамыту бойынша «Кімге онсыз болмайды» ойыны ойнатылды.Міндеті балалардың әр түрлі кәсіптегі адамдарға қажетті құрал жабдықтар туралы білімдерін бекіту, кәсіптердің атауын қазақ тілінде айтқызды. Топпен, жұппен, ролдік, сюжеттік ойын ойнады. Бақылау барысында 10 баланың сөйлеу дағдысы тексерілді. .Нәтижесі бойынша 9 баланың сөйлеу дағдысы өз жас шамаларына сай екендігі байқалды. Дегенмен сол топтағы Бағызбай Зере сөйлемеді. Зеренің жасы 2 жарымда. Денсаулығы бойынша мүгедектігі бар.

2024-2025 оқу жылының қыркүйек айында 1-сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындық деңгейін анықтау барысында Керн-Иерасек әдістемесі бойынша зерттеу диагностикасы жүргізілді. Әдістеме 1-сынып оқушыларының мектепке, оқуға дайындық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілді. Бұл берілген тәсілдің ерекшелігі баланың дара дамуын, баланың мектепке жылдам бейімделуін, баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау болып табылады.
1 «А» сыныбында 14 оқушы. Зерттеуге 14 оқушы қатысты. Сынып жетекшісі: Ибрагимова Патши
1 «Б» сыныбында 15 оқушы.Зерттеуге 15 оқушы қатысты.
Сынып жетекшісі: Бейсембаева Ақбота
Нәтижесі: 1 «А» сыныбы бойынша жоғары деңгейде орындаған оқушылар – Райымжан Айбол, Талғат Ұлпан, Амансейіт Альмади, Әлкенұлы Заңғар, Таласбай Ерасыл, Иманғали Жанель , Ақшабай Жанерке Орта деңгейде – Тілебалды Аяла, Бақтыбек Мұрагер, Бағызбай Ерасыл, Әбдірәсіл Аягүл, Жатқанбай Алихан Төмен деңгейде- Бағызбай Нұрислам, Пернебай Асылай
1 «Б» сыныбы бойынша жоғары деңгейде орындаған оқушылар – Талас Асыл, Ақшабай Жанбота, Пернебек Аяна, Ботабекова Аида, Нұржан Нұрхан Орта деңгейде – Бақытжан Ерасыл, Айдар Амина, Нұрхатқызы Айзере, Алтынхан Алихан, Айдар Асылбек, Талғат Абдурахман, Рахымбек Сұңқар Төмен деңгейде - Ғалымжан Бекарыс, Қабыл Нұрби, Төлеген Сардар
Жоғары және орта деңгейде ұпай жинаған оқушылардың мектепке дайындық деңгейлері, ерікті зейінінің даму деңгейі мен кеңістікті бағдарлау, қабылдау және қол қимылының жетілуі қалыпты деңгейде екендігін көрсетті. Дегенмен Таласбай Ерасыл, Талғат Ұлпан, Пернебай Асылай, Жатқанбай Алихан, Алтынхан Алихан сөздерді анық айта алмайды. Төмен ұпай жинаған 1 «А» сыныбынан Бағызбай Нұрислам, Пернебай Асылай , 1 «б» сыныбынан Ғалымжан Бекарыс, Қабыл Нұрби, Төлеген Сардар –мектепке деген мотвацияларын көтеру керек. Есте сақтау, қол моторикасы, қабылдау деңгейін жақсарту мақсатында сынып жетекшілері қосымша жұмыстар жүргізу керек.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив