«Оқуға құштар мектеп» жобасы » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(713) 4-535622
Есепші бөлімі:
+7(713) 4-535622
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
август
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Бірлесу-Еңбек»
орта мектебінің директоры
___________Н.Д.Айтешеева
«____»___________2024-2025жыл



«Бірлесу-Еңбек» орта мектебі кітапханасының
«Оқуға құштар мектеп» жобасы

( білім басқармасының 2020 жылғы 24 қарашадағы
№ 03-10381 хатына сәйкес әзірленген)







ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:

«... Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін орын болуы керек".
(Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 22.10.2020ж. Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінің IV отырысында сөйлеген сөздерінен)
Осы маңызды құжаттардың мақсаты Қазақстанда балалардың шығармашылық дамуы үшін «ОҚЫРМАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты белсенді орта құру болып табылады.
Соңғы уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты балалардың қазіргі ұрпағы кітап оқуға деген сүйіспеншілігі мен әдетін, зияттық және бір-бірімен шығармашылық қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтты. Нәтижесінде балалардың танымдық белсенділігі, кретивті ойлау қабілеті, тілдік және сөйлеу құзыреттілігі, толеранттылығы төмендеп кетті.
Кітап оқу - бұл күрделі интеллектуалды процесс, онсыз өмір бойы оқу мүмкін емес. Кітап оқу - кез-келген ақпаратпен жұмыс істеудің негізі болып табылады: ауызша және жазбаша, дәстүрлі және жаңа электрондық кітап. Кітап оқи отырып, адам уақыт өте келе, өзінің дүниетанымын қалыптастырады, оның әлемге деген көзқарасы тереңдей түседі және кеңейеді. Құндылықтарға деген көзқарасы қайта қаралып, қалыптасады.
Көптеген кітаптар өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, нәтижелерін арттыруға ынталандырады және шабыттандырады. Сондықтан балаларды ерте жастан бастап өмір бойы жақсы көркемдік талғамға, күн сайын кітаппен «дос» болуға, кітап оқу арқылы білім әлемін шарлауға үйрету өте маңызды. Бұған біздің "Оқуға құштар мектеп" жобамыздың іске асырылуы ықпал етеді.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. Мектеп кітапханаларына қоғамның назарын аудару.
МІНДЕТТЕРІ:
Оқу құзыреттілігін арттыру және оқуға тарту мақсатында оқушылардың
оқырмандық қызығушылықтарына әсер етудің белсенді формалары мен әдістерін, педагогикалық идеяларын іздеу;
Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
Мектеп кітапханаларын ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталықтары ретінде дамытуға ықпал ету ;
Кітап оқуды алға жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату;
Ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;
Отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жандандыру;
ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ:
2020-2025 жылдар
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

- Мектеп кітапханалары жұмысының әдістемесі мен практикасына инновациялық жобалар мен технологиялар апробацияланады және енгізіледі;
- Мұғалімдердің, кітапханашылардың әдістемелік материалдар банкі жинақталады;
- Жұмыс тәжірибесі жинақталады және таратылады;
- Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады;
- Мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар саны артады;
- Балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдылары қалыптасады.
ЖОБАНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ




























№Іс-шара мазмұнымерзімітүрлеріжауаптылар
БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫ:«Кітап- білімнің бастауы,болашаққа жол ашар киелі қазына»


1 «Мектепке кітап сыйла», «Бір ел-Бір кітап»
жыл
бойына
Көрме есебі кітапханашы, оқушылар, мұғалімдер

2«COWORKING»орталық бұрышыжыл бойынаКөрме есебіоқушылар , мұғалімдер
3«BOOKCROSSING» Оқыған кітаптар ізіменжыл бойынаКітап жарнамасыоқушылар , мұғалімдер
4«Бір Ел-бір кітап» акциясыжыл бойынаКөрмеоқушылар
5Жаңа келіп түскен кітаптарға шолужыл бойынаТаныстыруоқушылар , мұғалімдер
6«Кітапхана –ғылым Отаны»
. ҚыркүйекКітапханаға саяхат.
1сыныптароқушылар , кітапханашы
7 Балалар жазушысы – Б.Соқпақбаев-100 жыл
ҚыркүйекМәнерлеп оқукітапханашы , оқушылар
8«Қазаққа туған ұл еді»Ж.Аймауытовке-125жылҚыркүйекБиблиографиялық шолуоқушылар, белсенділер
9«Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы»С.Сейфуллинге-130жылҚазаноқырмандар конференциясыоқушылар, белсенділер, мұғалімдер
10Ізден, талаптан, оқырманҚазансайыскітапханы, сынып жетекшілер
11«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұстаз»ҚарашаТақырыптық кеш кітапханашы , сынып жетекшілер
12«Ақынға тағзым»
І. Жансүгіровке-130 жылҚарашаМәнерлеп оқу кітапханашы, оқушылар
1310 -Қараша
Жастар күніне
«Мен жастарға сенемін»атты кітабынанҚарашаДөңгелек үстелкітапханашы
14Үш бәйтеректін бірі
«Халық жазушысы –Б.Майлин- 130 жыл»ЖелтоқсанДөңгелек үстел кітапханашы, мұғалімдер
15Қазақтың батыр ұлы» Б.Момышұлына – 115жылЖелтоқсанкітапханалық сабақ Н.Сыпатова
Аханова Ә
16«Отбасымызбен кітап оқимыз»
ЖелтоқсанОқу сағатыОт басы, кітапханашы



Кітапханашы : Н.Сыпатоова








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив