17
январь
2024
"Болашақта сұранысқа ие супер мамандықтар"
"Болашақта сұранысқа ие супер мамандықтар"
Мектебімізде 17 қаңтар 2024 жылы кәсіптік бағдар беруші педагог Т.Коштаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларына «Болашақта сұранысқа ие супер мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты оқушыларға сұранысқа ие мамандықтарды таныстырып, мамандық таңдаудағы түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Мамандық құндылығы туралы түсінік беру. Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету. Қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.