


Аяқ пен қолға арналған жаттығулар,сонымен қатар,жалпы дамытатын жаттығулармен жүйелі түрде айналысу баланың дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан айналым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады. Жалпы дамыту жаттығулар кешенін қолданудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс және уақытылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппаратттары күшейеді, бала денесі икемді болады.