03
июнь
2024
"Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагері
03 маусым күні "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес тәлімгер А.Аханова мен кәсіби бағдар беруші педагог Т.Коштаеваның ұйымдастыруымен "Жануарлар әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Инттелектуалды ойынның мақсаты оқушылардың жануарлар туралы білімін кеңейту , шапшаң ойлауға баулу, топтық қарым-қатынасты нығайтып, бірігіп бір мақсатқа жете білуді үйрету. Ойынға үш топ қатысты. Ойын ережесі 5 бөлімнен тұрды. Арыстанның тапсырмасы (таныстыру), Араның тапсырмасы (Өткел» — капитандар сайысы) , Бұғының тапсырмасы (Ертегідегі жануарлар) , Керіктің тапсырмасы (Жұмбақтар шешу) ,Көбелектің тапсырмасы (Кім тапқыр?). Оқушылар белсенді қатысты, жануарлар туралы білімдері арта түсті.