"Қош келдің -2025 жыл"
Мектебімізде 25-26 желтоқсан күндері 1-7 сынып оқушыларына "Қош келдің - 2025 жыл" мерекелік іс-шарасы болып өтті. Іс-шара барысында өзін-өзі басқару ұйымы ертегілер елінің кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның мақсаты - оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.