21
июль
2023
тарихымыз
Аудан 1928 жылы Әулиеата ауданы атымен (шамамен 946-992 жж. өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулиеата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесінің құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулиеата қаласында болған. Бұл - Кеңестер Одағының жер-жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген.[5]1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда, Түркістан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырзабала» атаған. Мирзоян 1938 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 1 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі беріледі.
Бірлесу-Еңбек орта мектебі 1930 жылы бастауыш мектеп, 1953 жылы жеті жылдық мектеп, 1955 жылы орталау мектеп болып құрылды. 1998 жылы Жамбыл ауданы әкімімінің шешімімен Бірлесу-Еңбек орта мектебі болып қайта құрылды.