19
декабрь
2022
Республикалық Бірыңғай "Жас Ұлан" "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
Мектебімізде 2022 жылдың желтоқсан айында мектеп тәлімгері Т.Көштаеваның ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жины болып өтті. Мектебіміздің 21 оқушысы Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Галстуктерді мектебіміздің директор Н.Айтешева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Дәрменқұлов, кәсіби бағдар беруші педагог А.Пернебаев пен мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі Т.Көштаева тақты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы жас өрендерді бәсекеге қабілетті, өзіміздің құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтайтын етіп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас қыран» қатарына өткен оқушылар да осы елбасымыз меңзеген дара жолдан ауытқымай еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.