02
October
2017
Сыңғырлы,алғашқы қоңырау
2017-2018 оқу жылы
Сыңғырла, алғашқы қоңырау
(Білім күніне арналған салтанатты мереке)
1-жүргізуші:
Армысыздар, жиылған ата-ана, ұстаз,
Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамызға талпынып қанат , қағып
Келіп отыр оң-солын таныған жас
Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп,тебіреніп,
Жаңа өмірге нық қадам басқалы тұр.
2-жүргізуші:
Қымбатты ұстаздар,ата-аналар,қонақтар,мектеп оқушылары және мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндер!
Бүгінгі алғашқы қоңырау соғылар сәттерініз,білім күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!
1-жүргізуші:
Көкке самғап көк байрағын желбіреп,
Асқақатайды өршілдікпен жер тіреп.
Сағым желмен тербетілген туыма,
Қарайды жұрт қимастықпен елжіреп.
Қыран қорғап қанатымен даламды,
Күн шапағы нұрға бөлейді ғаламды,
Қазағымның дархандығы қашанда,
Табындырған пейілімен адамды.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріледі)
2-жүргізуші:
Таусылмасын жүректе асқақ әнім
Тек биікте самғатам жыр қыранын,
Азатпыз,Тәуелсізбіз,Еркінбіз деп,
Шырқайық ұлы Отанның әнұранын!
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимн орындалады)
1-жүргізуші:
-Армысыздар,құрметті біздің ұлағатты ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар!Бүгінгі «Сыңғырла,алғашқы қоңырау» атты мерекемізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:
Білім үшін оқу іздеп келгендер,
Қанат қағып әр қияға өрлеңдер.
Білім алу-ең бірінші парызың,
Оқу үшін аянбай бір терлеңдер.
Көкірегіме жыр қуаныш толады,
Біз жасайтын жаңалықтар мол әлі,
Құтты болсын мерекеміз жас достар,
Бастаңыздар білім күнін ниетпен.
1-жүргізуші:
Жас қырандар көгеруге,
Күн көзінен нұр алар.
Өнер атты тегеурінге,
Не күш қарсы тұра алар.
Жас ұрпақтар болашақтың,
Еркін өскен алабы.
Еліміздің келешегі
Жас ұрпақтан құралар,-дей келе сөз кезегін Ақбастау ауылдық округінің әкімі Дүзеева Нұрсұлу Лутфуллақызына беріледі.
2-жүргізуші:
Бұлақпен сусындаған сан мың бала,
Шырақпен сәулеленген ой мен сана.
Әдепті,абыройлы,жатық мінез,
Әрі ұстаз,жеткіншектерге,әрі пана,-деп алғашқы сөзді мектеп директоры Айтешева Нұркүл Джексенбекқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан.
Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танығанда,-дей келіп сөз кезегін салтанатты жиынымыздың қонағы___________________________________
береміз.
2-жүргізуші:
Өмірдің кеңінен жайып керегесін,
Ерліктің жасадыңыз өнегесін.
Ұрпаққа берген үлгі-тәліміңіз,
Періште көңілдерде өне берсін,-деп тілек білдіре отырып,ардагер ұстаздар _______________________________________ сөз береміз.
1-жүргізуші:
Ендігі кезекті біздің мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бірінші сынып оқушыларының жыр шашуына береміз.
1.Марлен:
Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу,білім,тәрбие
Ой санама еккенің.
2.Еңлік:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген алғашқы.
Жан досым,саған мың сәлем.
3.Нұртас:
Биыл менде мектепке,
Біріншіге мен барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым.
4.Ұлбике:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты.
Кілең бестік аламыз.
5.Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз,
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
6. Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз
Өнерпаз болып өсетін
Біз оқушы баламыз!
7. Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпар гүлімен,
Келіп ем,қарсы алар мектебім.
Сүйкімді қоңырау үнімен.
8.Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы
Оқимыз ақын жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
11-сынып әдеби-музыкалық монтаж:
1-оқушы:
Ерекше бүгінгі күн,салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп-ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.
Мереке зор қуаныш-Білім күні,
Сыңғырлар қоңыраудың алғаш үні.
Қош келдің,құтты болсын қадамдарың,
Балдырған,балғын жандар-өмір гүлі,
Нәр алып ұстаздардың лебізінен.
Білімнің сусындандар теңізінен.
Теріп ап бар асылын,маржандарын.
Өрлеңдер,өрге бассын армандарың.
2-оқушы:
Мектеп,мектеп-ашық-жарқын көңілің,
Мектеп,мектеп-шаттық жолы өмірің.
Мектеп,мектеп-әнім болып төгілдің.
Мектеп,мектеп-жан анам боп көріндің.
Ақыл,білім көп бердің анамдайсың,мектебім,
Сенде өсіп көктедім,сенсің өмір көктемім.
Көзге ыстық партасы,оқулығы, картасы
Оқу қызық болғаны,мұғалімнің арқасы.
«Мектебім,аяулы мектебім» әні (хор)
3-оқушы:
Өмір дейтін ең биік асық қырдан,
Ұстазы алға арманы асықтырған.
Білім-бастау,ұрпағын сусындатып,
Ұстаз ғой, ел мерейін тасыттырған.
Бақыт жоқ қой адамға тегін келген,
Ешқашан бөлмейсін де өзіңді елден.
Тұрады ол қашанда сенімдерден-
Махаббат, мейірім, асқақ сезімдерден!
4-оқушы:
Анамдай әлпештедің, аяладың,
Ақыл мен біліміңді аямадың,
Күн санап өсе бердің көз алдымда,
Мейірімді мұғалімім-сая бағым.
Тәлімді,тәрбиелі ұя көрдім,
Бойыма ізгілікті құя бердің.
Аяулы асыл ұстаз,сенің арқаң-
Сенімін ақтай алсам ұлан елдің.
5-оқушы:
Жүрегі –нұр,өмірі-гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.
Адам жанын тәрбиелеп аялап,
Құрметтейік, сүйікті ғой ұстазым.
Сан жүректің тілін тапқан ұстазым,
Бір өзіңе келе берер ұқсағым.
Ізгілік пен адалдыққа баулитын,
Адамдықтың шамшырағы ұстазым.
6-оқушы:
Арайлы күздің алтын таңдарында,
Мектепке алғаш рет барғанымда.
Күлімдеп қабыл алдың құшақ жая,
Арманды болашақпен жалғадың да.
Санама сәуле сепкен мұғалімім,
Мен сенің көзін ашқан бұлағыңмын.
Құйсамда кайда барып, кай арнаға,
Күмбірлеп құлағымда тұрады үнің.
7-оқушы:
Білімнің құдіретін үйіп-төккен,
Күн болып мейрімін шашқан көктен.
Қаншама мезгіл өтсін зулап,сырғып,
Ұстаз бен өткен сәттін бәрі көктем.
Білім сыйлап балаға,еңбек еткен,
Самал сөзі аймалап,сүйген беттен.
Шәкірттін естісе ерліктерін,
Қуаныштан көңілі көктен жеткен.
8-оқушы:
Шәкіртім,жарқын сенің келешегің,
Алдында қарызың коп берешегің.
Дәстүрін өз халқынның берік ұста,
Күні ертең анық,оған теңесерің.
Құс ұшса самғап көкке қанатымен,
Адамзат ерекше ғой санасымен.
Анаң мен еліңді сүй,Отанды сүй,
Ер жігіт танылады талабымен.
«Ұстазым» әні (хор)
9-оқушы:
Республика!Ерікті ел-Қазақстан!
Келі ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен айғақпын,ұстамым ертегіге,
Конституция!
Гимні Қазақстан
Елдік күйін,ел күйін шертем менде.
10-оқушы:
Өзіңдікі-туың да,от пен ауа,суың да,
Жаса,Қазақстаным!Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын!Қыраның да жасасын!
Қаситіне дарыған-ұланың да жасасын!
Қанатынан қайырылып,қыр арқаңнан Mayырылып,
Қонақ-тәуелсіздіктен қала көрме айырылып.
11-оқушы:
Қазақстан-атамекен,құт қонған жер,
Кең дала,суы мөлдір,нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қазақстан,заманының заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ саMayлы басын иген,
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.
12-оқушы:
Төңіректі төрдегі түрге малып,
Жиырма бес жылда көркейдім,гүлге оранып,
Қазақ десе азат деп ұйқастырам.
Ел деген де Елбасы тілге оралып.
Өміріңе жарасқан өр тұлға шат,
Тектің тінің жалғаған көркің ғажап,
Көк туынды кеуденнең жоғары тұт
Бақытынды бағала,еркін қазақ.
13-оқушы:
Тәуелсіздік-сан жылғы ұлы арманың,
Шапағаты айрықша сыйы Алланың.
Еркін жазып қанатты,еркін самғап.
Қасиетті қолына ту алғаның
Тәуелсіздік жарқырап атқан таңның
Қуанғаның күлгенін,шаттанғаның,
Болашаққа үмітті ұялатып.
Әр жүрекке сәулелер жаққан шамың.
14-оқушы:
Еркін азат ел болдық Елбасы бар,
Беделімді бір биік белге асырар.
Халық үшін жаралған қайраткердің,
Қыдыр бабам қадамың қолдасын әр.
Алла,пірім жар болсын,жебесінде.
Алақанда бар бағдар белесім де,
Айбынды елдің,бүгінгі айбатты елдің
Айдарынан еркінді желі есуде.
15-оқушы:
Тәуелсіздік-арқамды сүйегенім,
Бейбітшілік,тыныштық-тілегенім.
Жаңа ғасыр көгіне жайып қанат,
Жайнап өсіп,жаңарып түледі елім.
Түлеп жатыр қырым да,қиырым да,
Бақыт,байлық нұр болып құйылуда.
Ақсақтады мәртебем көтеріліп,
Туым биік тұр бүгін тұғырында.
16-оқушы:
Тәуелсіздік-бақытың тұрған күліп,
Ойың еркін,бүгінгі тұлғаң биік.
Тәуелсіздік-көктегі шуақты күн.
Әр жүректі қуантып,нұрландырып
Тәуелсіздік-бүгінгі туым менің.
Туым үшін ешкімге иілмедім,
Тәуелсіздік сан жылдар аттан түспей,
Айқас,шайқас,мың өліп,тірілгенім.
«Біз Отанның ұланымыз» әні (хор)
1-жүргізуші:
Ұстаз,саған жан бар ма имейтін,
Бауырмал бол,адалдықты сhouseдейсің.
Үйретуден жалықпаған ұстазым,
Әр күн сайын шуақ төгіп жүргейсің,-деп сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ИсMayлова Қалила әпкейге беріледі.
2-жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал,еңбек ет,жас ұлан.
Өрле сен биік шың басына!
Жас бүлдіршін! Бүгінгі қоңырау үні мүлде ерекше.Ол саған алтын ұя мектебіннің ең алғашқы қоңырауы.Ол сені әрбір білім сабағына шақырып,жыл сайын жарқын жазда тынығу үшін шығарып салып,алтын жапырақты қоңыр күзде білім күнінде қайтадан сыңғырлап мектепке шақыратын болады.
1-жүргізуші:
Қоңырау соғу салтанаты 11-сыныптың оқушысы Бақытжанов Асылжан мен 1-сыныпқа қабылданған Ғалым Еңілікке тапсырылады.
2-жүргізуші:
Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың,
Орындалсын өмірде армандарын.
Жарқырасын жалындап,шырақтарын,
Бәрін көркем,шетіннен әдемісің,
Тұрсындар бүгін сондай ұнап бәрін.
1-жүргізуші:
Құтты болсын,ата-ана қуанышың,
Оқушы атанды бүгін жұбанышың
Мектептің табалдырығын аттағалы отыр,
Бір биікке күні ертең шығары шын.
Тарыдай болып келді міне бүгін ғана,
Таудай ұл-қыз болады ертең өсе дара,
Он бір жыл білім нәрімен сусындатып.
Өмір атты баспалдаққа қадам басар,-дей келе бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысқан қонақтарымызға,ата-аналарға,ұстаздарымызға зор денсаулық,отбасыларынызға береке-бірлік тілейміз.Арман-мақсаттарынызға жетіп,еңбектерініз әрқашан жемісті болсын.
Сыңғырла, алғашқы қоңырау
(Білім күніне арналған салтанатты мереке)
1-жүргізуші:
Армысыздар, жиылған ата-ана, ұстаз,
Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамызға талпынып қанат , қағып
Келіп отыр оң-солын таныған жас
Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп,тебіреніп,
Жаңа өмірге нық қадам басқалы тұр.
2-жүргізуші:
Қымбатты ұстаздар,ата-аналар,қонақтар,мектеп оқушылары және мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндер!
Бүгінгі алғашқы қоңырау соғылар сәттерініз,білім күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!
1-жүргізуші:
Көкке самғап көк байрағын желбіреп,
Асқақатайды өршілдікпен жер тіреп.
Сағым желмен тербетілген туыма,
Қарайды жұрт қимастықпен елжіреп.
Қыран қорғап қанатымен даламды,
Күн шапағы нұрға бөлейді ғаламды,
Қазағымның дархандығы қашанда,
Табындырған пейілімен адамды.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріледі)
2-жүргізуші:
Таусылмасын жүректе асқақ әнім
Тек биікте самғатам жыр қыранын,
Азатпыз,Тәуелсізбіз,Еркінбіз деп,
Шырқайық ұлы Отанның әнұранын!
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимн орындалады)
1-жүргізуші:
-Армысыздар,құрметті біздің ұлағатты ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар!Бүгінгі «Сыңғырла,алғашқы қоңырау» атты мерекемізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:
Білім үшін оқу іздеп келгендер,
Қанат қағып әр қияға өрлеңдер.
Білім алу-ең бірінші парызың,
Оқу үшін аянбай бір терлеңдер.
Көкірегіме жыр қуаныш толады,
Біз жасайтын жаңалықтар мол әлі,
Құтты болсын мерекеміз жас достар,
Бастаңыздар білім күнін ниетпен.
1-жүргізуші:
Жас қырандар көгеруге,
Күн көзінен нұр алар.
Өнер атты тегеурінге,
Не күш қарсы тұра алар.
Жас ұрпақтар болашақтың,
Еркін өскен алабы.
Еліміздің келешегі
Жас ұрпақтан құралар,-дей келе сөз кезегін Ақбастау ауылдық округінің әкімі Дүзеева Нұрсұлу Лутфуллақызына беріледі.
2-жүргізуші:
Бұлақпен сусындаған сан мың бала,
Шырақпен сәулеленген ой мен сана.
Әдепті,абыройлы,жатық мінез,
Әрі ұстаз,жеткіншектерге,әрі пана,-деп алғашқы сөзді мектеп директоры Айтешева Нұркүл Джексенбекқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан.
Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танығанда,-дей келіп сөз кезегін салтанатты жиынымыздың қонағы___________________________________
береміз.
2-жүргізуші:
Өмірдің кеңінен жайып керегесін,
Ерліктің жасадыңыз өнегесін.
Ұрпаққа берген үлгі-тәліміңіз,
Періште көңілдерде өне берсін,-деп тілек білдіре отырып,ардагер ұстаздар _______________________________________ сөз береміз.
1-жүргізуші:
Ендігі кезекті біздің мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бірінші сынып оқушыларының жыр шашуына береміз.
1.Марлен:
Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу,білім,тәрбие
Ой санама еккенің.
2.Еңлік:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген алғашқы.
Жан досым,саған мың сәлем.
3.Нұртас:
Биыл менде мектепке,
Біріншіге мен барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым.
4.Ұлбике:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты.
Кілең бестік аламыз.
5.Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз,
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
6. Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз
Өнерпаз болып өсетін
Біз оқушы баламыз!
7. Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпар гүлімен,
Келіп ем,қарсы алар мектебім.
Сүйкімді қоңырау үнімен.
8.Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы
Оқимыз ақын жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
11-сынып әдеби-музыкалық монтаж:
1-оқушы:
Ерекше бүгінгі күн,салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп-ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.
Мереке зор қуаныш-Білім күні,
Сыңғырлар қоңыраудың алғаш үні.
Қош келдің,құтты болсын қадамдарың,
Балдырған,балғын жандар-өмір гүлі,
Нәр алып ұстаздардың лебізінен.
Білімнің сусындандар теңізінен.
Теріп ап бар асылын,маржандарын.
Өрлеңдер,өрге бассын армандарың.
2-оқушы:
Мектеп,мектеп-ашық-жарқын көңілің,
Мектеп,мектеп-шаттық жолы өмірің.
Мектеп,мектеп-әнім болып төгілдің.
Мектеп,мектеп-жан анам боп көріндің.
Ақыл,білім көп бердің анамдайсың,мектебім,
Сенде өсіп көктедім,сенсің өмір көктемім.
Көзге ыстық партасы,оқулығы, картасы
Оқу қызық болғаны,мұғалімнің арқасы.
«Мектебім,аяулы мектебім» әні (хор)
3-оқушы:
Өмір дейтін ең биік асық қырдан,
Ұстазы алға арманы асықтырған.
Білім-бастау,ұрпағын сусындатып,
Ұстаз ғой, ел мерейін тасыттырған.
Бақыт жоқ қой адамға тегін келген,
Ешқашан бөлмейсін де өзіңді елден.
Тұрады ол қашанда сенімдерден-
Махаббат, мейірім, асқақ сезімдерден!
4-оқушы:
Анамдай әлпештедің, аяладың,
Ақыл мен біліміңді аямадың,
Күн санап өсе бердің көз алдымда,
Мейірімді мұғалімім-сая бағым.
Тәлімді,тәрбиелі ұя көрдім,
Бойыма ізгілікті құя бердің.
Аяулы асыл ұстаз,сенің арқаң-
Сенімін ақтай алсам ұлан елдің.
5-оқушы:
Жүрегі –нұр,өмірі-гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.
Адам жанын тәрбиелеп аялап,
Құрметтейік, сүйікті ғой ұстазым.
Сан жүректің тілін тапқан ұстазым,
Бір өзіңе келе берер ұқсағым.
Ізгілік пен адалдыққа баулитын,
Адамдықтың шамшырағы ұстазым.
6-оқушы:
Арайлы күздің алтын таңдарында,
Мектепке алғаш рет барғанымда.
Күлімдеп қабыл алдың құшақ жая,
Арманды болашақпен жалғадың да.
Санама сәуле сепкен мұғалімім,
Мен сенің көзін ашқан бұлағыңмын.
Құйсамда кайда барып, кай арнаға,
Күмбірлеп құлағымда тұрады үнің.
7-оқушы:
Білімнің құдіретін үйіп-төккен,
Күн болып мейрімін шашқан көктен.
Қаншама мезгіл өтсін зулап,сырғып,
Ұстаз бен өткен сәттін бәрі көктем.
Білім сыйлап балаға,еңбек еткен,
Самал сөзі аймалап,сүйген беттен.
Шәкірттін естісе ерліктерін,
Қуаныштан көңілі көктен жеткен.
8-оқушы:
Шәкіртім,жарқын сенің келешегің,
Алдында қарызың коп берешегің.
Дәстүрін өз халқынның берік ұста,
Күні ертең анық,оған теңесерің.
Құс ұшса самғап көкке қанатымен,
Адамзат ерекше ғой санасымен.
Анаң мен еліңді сүй,Отанды сүй,
Ер жігіт танылады талабымен.
«Ұстазым» әні (хор)
9-оқушы:
Республика!Ерікті ел-Қазақстан!
Келі ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен айғақпын,ұстамым ертегіге,
Конституция!
Гимні Қазақстан
Елдік күйін,ел күйін шертем менде.
10-оқушы:
Өзіңдікі-туың да,от пен ауа,суың да,
Жаса,Қазақстаным!Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын!Қыраның да жасасын!
Қаситіне дарыған-ұланың да жасасын!
Қанатынан қайырылып,қыр арқаңнан Mayырылып,
Қонақ-тәуелсіздіктен қала көрме айырылып.
11-оқушы:
Қазақстан-атамекен,құт қонған жер,
Кең дала,суы мөлдір,нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қазақстан,заманының заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ саMayлы басын иген,
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.
12-оқушы:
Төңіректі төрдегі түрге малып,
Жиырма бес жылда көркейдім,гүлге оранып,
Қазақ десе азат деп ұйқастырам.
Ел деген де Елбасы тілге оралып.
Өміріңе жарасқан өр тұлға шат,
Тектің тінің жалғаған көркің ғажап,
Көк туынды кеуденнең жоғары тұт
Бақытынды бағала,еркін қазақ.
13-оқушы:
Тәуелсіздік-сан жылғы ұлы арманың,
Шапағаты айрықша сыйы Алланың.
Еркін жазып қанатты,еркін самғап.
Қасиетті қолына ту алғаның
Тәуелсіздік жарқырап атқан таңның
Қуанғаның күлгенін,шаттанғаның,
Болашаққа үмітті ұялатып.
Әр жүрекке сәулелер жаққан шамың.
14-оқушы:
Еркін азат ел болдық Елбасы бар,
Беделімді бір биік белге асырар.
Халық үшін жаралған қайраткердің,
Қыдыр бабам қадамың қолдасын әр.
Алла,пірім жар болсын,жебесінде.
Алақанда бар бағдар белесім де,
Айбынды елдің,бүгінгі айбатты елдің
Айдарынан еркінді желі есуде.
15-оқушы:
Тәуелсіздік-арқамды сүйегенім,
Бейбітшілік,тыныштық-тілегенім.
Жаңа ғасыр көгіне жайып қанат,
Жайнап өсіп,жаңарып түледі елім.
Түлеп жатыр қырым да,қиырым да,
Бақыт,байлық нұр болып құйылуда.
Ақсақтады мәртебем көтеріліп,
Туым биік тұр бүгін тұғырында.
16-оқушы:
Тәуелсіздік-бақытың тұрған күліп,
Ойың еркін,бүгінгі тұлғаң биік.
Тәуелсіздік-көктегі шуақты күн.
Әр жүректі қуантып,нұрландырып
Тәуелсіздік-бүгінгі туым менің.
Туым үшін ешкімге иілмедім,
Тәуелсіздік сан жылдар аттан түспей,
Айқас,шайқас,мың өліп,тірілгенім.
«Біз Отанның ұланымыз» әні (хор)
1-жүргізуші:
Ұстаз,саған жан бар ма имейтін,
Бауырмал бол,адалдықты сhouseдейсің.
Үйретуден жалықпаған ұстазым,
Әр күн сайын шуақ төгіп жүргейсің,-деп сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ИсMayлова Қалила әпкейге беріледі.
2-жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал,еңбек ет,жас ұлан.
Өрле сен биік шың басына!
Жас бүлдіршін! Бүгінгі қоңырау үні мүлде ерекше.Ол саған алтын ұя мектебіннің ең алғашқы қоңырауы.Ол сені әрбір білім сабағына шақырып,жыл сайын жарқын жазда тынығу үшін шығарып салып,алтын жапырақты қоңыр күзде білім күнінде қайтадан сыңғырлап мектепке шақыратын болады.
1-жүргізуші:
Қоңырау соғу салтанаты 11-сыныптың оқушысы Бақытжанов Асылжан мен 1-сыныпқа қабылданған Ғалым Еңілікке тапсырылады.
2-жүргізуші:
Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың,
Орындалсын өмірде армандарын.
Жарқырасын жалындап,шырақтарын,
Бәрін көркем,шетіннен әдемісің,
Тұрсындар бүгін сондай ұнап бәрін.
1-жүргізуші:
Құтты болсын,ата-ана қуанышың,
Оқушы атанды бүгін жұбанышың
Мектептің табалдырығын аттағалы отыр,
Бір биікке күні ертең шығары шын.
Тарыдай болып келді міне бүгін ғана,
Таудай ұл-қыз болады ертең өсе дара,
Он бір жыл білім нәрімен сусындатып.
Өмір атты баспалдаққа қадам басар,-дей келе бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысқан қонақтарымызға,ата-аналарға,ұстаздарымызға зор денсаулық,отбасыларынызға береке-бірлік тілейміз.Арман-мақсаттарынызға жетіп,еңбектерініз әрқашан жемісті болсын.