Мен - патриотпын » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(713) 4-535622
bookkeeping:
+7(713) 4-535622
Version for
visually impaired
» » Мен - патриотпын
04
September
2017

Мен - патриотпын

                                  «Бірлесу – Еңбек» орта мектебі

 

 

                «Бекітемін»

«Бірлесу – Еңбек» орта мектебінің

директоры:                Н.Д.Айтешева

    «-------» ------------- 2017 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты:

 

 

Мен – патриотпын

 

 

 

 

 

 

Сынып: 5, 6 «А», 6 «Б», 7

          Жетекшілері: Р.Д.Ақынбаева, И.Крикбаева, М.Аптабекова, Н.Сыпатова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 - 2018 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Сабақтың арқауы: МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Міндеттері:

- оқушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- оқушылар ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- оқушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- оқушылардың зияткерлік және шығармашылық  дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Ұйымдастыру кезеңі:

Бірінші қыркүйек – айтулы және жалпыхалықтық үлкен мереке! Жаңа оқу жылының басталуы өмірімізде қастерлі дәстүрге айналып, бірталай ұрпақтарды біріктірді, осы айтулы, дәстүрлі күнді бала бақшадан бастап, мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған баладан жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерге дейін атап өтуде. Бұл біздің жалпы мерекеміз, сондықтан болар барлық бастамалардың алдында бірі-бірегейі – білім. «Білімдінің күні жарық» демекші, қарқынды біліміміздің даму нәтижесінде  бүгінгі күндегі  «ЭКСПО - 2017» көрмесі өтіп жақтан Астана қаласы да қарқынды даму үстінде.

Сұрақ:

ЭКСПО деген сөзді қалай түсінесің?

 ЭКПО – ның тақырыбы қандай?

 Ол қашан ашылды?

 Онда не көрсетіледі?

 Біздің мектептен кім барды?

 ЭКПО – ға қанша ел қатысты?

 Жабылуы қашан?

 

I-блок. Мотивациялық

«Ассоцация» тәсілі

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру  ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің The presidentін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің  жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін  өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын  мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

 

II-блок. Практикаға бағдарланған

Осы жас аралығындағы білім алушылардың бойында мінез-құлық қалыптасады,  қарым-қатынас, диалог арқылы практикалық іске деген мотивация пайда болады.

Осы  сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады:

ᴥ «Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын  ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;

Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болды. Біртіндеп құрылыс салудың үлгілері көбейіп, үнемі жаңарып отырды. Осылай сәулет өнері де дамыды.

Қазақ жеріндегі сәулет өнерінің тарихы қола дәуірінде жасалған Беғазы – Дәндібай, Түгіскен қоныстары мен қорымдарынан  басталады. Сәулет өнерінің жарқын туындылары ғұн заманында дүниеге келді. Олардың ішіндегі ең айшықтылары – «дың» аталатын құрылыстар. Дың ескерткіштері киіз үйге ұқсас етіліп, орта ғасырларды қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған.

Орта ғасырлардағы кейбір ескерткіш құрылыстар атақты адамдарға арнап ерекше үлгіде салынған. Құрылыс салуға жақсы, сапалы материалдар қолданылған. Мысалы, тас, күйдірілген қыш, кірпіш т.б. Құрылыстарды салуға сол заманның атақты шеберлері тартылған.

Айша бибі, Қарахан, Бабаджа –қатын Қарахан мемлекеті дәуірінде салынғандықтан, дамыған орта ғасырлар кезеңінің ескерткіштері болып табылады.

Қазастан жерінде құрылыс салудың жаңа үлгілері дамып, сәулет өнерінде өзгерістер басталды. Бұның негізгі себебі - шаруашылықтың дамуы, саяси өзгерістер. Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын. Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтседе сыр бермей, ұлы даланың әр жерінде мен мұңдалап тұр. Біздің ендігі міндетіміз – оларды қорғап, сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

ᴥ «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, олардың арасында ежелгі шеберлердің бұйымдары да болуы мүмкін, мысалы, «Қарғалылық олжа», қазіргі заманғы белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы;

Қазақ халықының қолданбалы өнерінде.Қазақ қолөнерінің өсу жолы мен өзіне тән даму тарихы сонау көне дәуірлерден басталған. Оны археологиялық зерттеу жұмыстарынан толық байқауға болады. Мысалы, сақ,үйсін, қаңлы, қимақ, қыпшақ, т.б тайпаларының бұйымдарымен  қазақ шеберлерінің қолдарынан шыққан бұйымдардың бір- біріне ұқсас болуы.Сондықтан да халқымыздың қолөнері жерімізде ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей жалғасы деп айта аламыз.

Қазақ шеберлері- ағаш,металл, сүйек пен мүйіз,тері, темір ұсталары болып бөлінеді.

Жалпы, қолөнершілер өздерінің жасаған бұйымдарының сәнді болуына ерекше назар аударып отырған.Қазақ жартылай көшпелі өмірге байланысты теріден , ағаштан жасайтын ыдыстарын да түрлі ою-өрнектермен әшекейлеп отырған. Қазақ шеберлері көне мәдениетті дамытушы,оны жаңартып алға қарай  , ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

    ᴥ «Мұражай алаңы». Қазақстан мұражай залдарында тарихи реконструкциялау элементтері бар театрландырылған экскурсия ұсынылады Мұражай экспонаттарымен таныстыратын білім алушы-экскурссия жетекшісін даярлауды қарастыру; сабаққа музыкалық шығармалар, суреттер, слайд-шоу, мультимедиялық презентациялар енгізіп экспозиция ресімдеу. Білім алушылардың тақырыпты және  экскурссия материалдарын толық «тереңірек меңгеруі» үшін театрландырылған сценарий және әртүрлі есте қалатын  костюмдердегі  білім алушы топтарын дайындау.

 

         Мұражай музей (грек тілінде musion – муза сарайы) - тарихи- ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын мәдени құндылықтарды тағыда басқа мұралады сақтап, жинақтап, ғылыми – танымдық қызмет атқаратын мекеме.

         Мұражай заттық және рухани құндылықтарды таңытуда , ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда тәлім – тәрбие беруде маңызды роль атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекемпе ретінде өскелеңұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.9 маусымда «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің ресми ашылу салтанаты өтті. Көрме  үш айға  созылады. Осы уақыт  ішінде 5 миллионнан  астам адам  көрме  көрме кешенін  аралап,20 халықаралық ұйым  мен мыңдаған кәсіпорынның болашақ энергиясы саласында ұсынған инновациялық шешімдері  көрсетілуде.Болашақтың энергиясы  тақырыбындағы «Экспо-2017» көрме  кешенінің аумағы  25 гектар.44 елдің өкілдері  билет алған.

         Бүгінгі – «Мұражай алаңында» сіздер Абай Құнанбаев мұражайына саяхат жасайсыдар. Мұражайдағы экспонаттар  қорымен таңыстырушы 6 «А» сынып оқушысы Есеналы Жанерке.

         Абубәкірова Назерке Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын жатқа мәнерлеп оқиды.

 

ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:

- «патриотизм» ұғымымен тығыз байланысты ассоциативті қатар құруды;

- сәндік-қолданбалы өнер  заттарын сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын  тарихи оқиғаларды қайта жаңартуды;

- мұражай сайты материалдарын  пайдалануды орындай алады.

 

 

 

 

 

 

Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты»  инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.

Зерттеу әдістері: «Тарихи қайта қалпына келтіру», материалды «тереңірек меңгеру», сайттар, мұражай әдебиеті материалдарын зерделеу.

 

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив