7 қараша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған күнге орай "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен бірлесіп "Жан жылуы балаға" акция өткізілді. Акция барысында ұйым белсенділері мүмкіндігі шектеулі балаға сый-сияпат тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тәрбиеленушілерге қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары барысында айлық жоспарға сәйкес «Біздің досымыз және қасымыз» тақырыбында электр желісі жайлы түсінік берілді. Электр желісінің қауіптілігімен қатар бізге өміріміздегі қажеттілігі де балаларға түсіндірілді.
Мектеп психологының айлық жоспарына сәйкес 11-сынып оқушыларының алдағы емтихандарға байланысты үрей, қорқыныштарын сейілту мақсатында "Сенімділік серігің" психологиялық тренинг жүргізілді.
2024 жылы 6 қараша күні өткен аудандық "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойынында 11-сынып білім алушысы Аяз Жадыра Жанболатқызы жүлделі 1-орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Біз сенімен мақтанамыз!