"Аналар-асыл жандар!" 8 наурызға арналған ертеңгілік
Мектеп жанынан ашылған шағын орталықта "8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні" мерекесіне орай "Аналар-асыл жандар" атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік барысында балалар ән айтып, би билеп, аналарымен бірігіп ойын ойнады, қолдан жасаған ашықхаттарын тарту етті.