20
сентябрь
2024
"Дін - тәрбие діңгегі" кездесу
20-қыркүйек күні «Бірлесу-Еңбек» орта мектебімде «Дін — тәрбие діңгегі» — атты кездесу болып өтті. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының маманы Шадиев Алмат қатысты. Кездесу кешін мектебіміздің директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Жанқоразов ашты. Өз сөзінде бала тәрбиесі ең өзекті мәселелердің негізі болып табылатындығы, сонымен қоса бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп бірлесе жұмыс жасаған жағдайда салиқалы ұрпақ тәрбиеленетінін баса айтты. Ғұламаларымыздың қанатты сөзі «Саусақ бірікпейінше ,ине қолға ілікпейді» демекші бала тәрбиесінде күш біріктіруіміз қажеттігін түсіндірді. Кештің қонағы Алмат мырза жалпы қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдерінің іс-әрекеттері жайлы баяндап оқушылармен ой бөлісіті. Кеш барысында тәрбиелік мәні зор бейнеролик көрсетілді.