03 маусым күні "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес кәсіби бағдар беруші педагог Т.Коштаеваның ұйымдастыруымен "Жануарлар әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Инттелектуалды ойынның мақсаты оқушылардың жануарлар туралы білімін кеңейту , шапшаң ойлауға баулу, топтық қарым-қатынасты нығайтып, бірігіп бір мақсатқа жете білуді үйрету. Ойынға үш топ қатысты. Ойын ережесі 5 бөлімнен тұрды. Арыстанның тапсырмасы (таныстыру), Араның тапсырмасы (Өткел» — капитандар сайысы) , Бұғының тапсырмасы (Ертегідегі жануарлар) , Керіктің тапсырмасы (Жұмбақтар шешу) ,Көбелектің тапсырмасы (Кім тапқыр?). Оқушылар белсенді қатысты, жануарлар туралы білімдері арта түсті.