ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ - Сш Бирлесу-Енбек http://b-enbek.mektebi.kz/ ru ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ - Сш Бирлесу-Енбек DataLife Engine Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/855-za-merzmd-tzhribe-kezndeg-mektept-damu-proces-zhne-zgersterd-basaru-procesndeg-basshyny-zn-z-damytuy.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/855-za-merzmd-tzhribe-kezndeg-mektept-damu-proces-zhne-zgersterd-basaru-procesndeg-basshyny-zn-z-damytuy.html Білім беру бағдарламасының түйінді идеяларының қатарына заман талабына сай білім берудегі құндылықтарды қалыптастыру, оқу-тәрбие процесінде әлемдік трендтерді назарға алу және мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент жатады. Бағдарламадағы басқарудағы инновациялық менеджментке қатысты жоба арқылы басқару, команда арқылы басқару идеялары менің мектептегі тәжірибемнің негізгі өзегі болды деуіме болады. Осы және басқа да алған идеяларымның негізінде, алған білімімді тәжірибеде қолдану арқылы мектепті даму режимі бар инновациялық мектепке айналдыруды көздедім. Даму режимі бар инновациялық мектептің жұмыс режимі бар дәстүрлі мектептен айырмашылығы – перспективалық жоспарды жасап, соны жүзеге асырумен ғана емес анықталған проблемелар мен қажеттіліктер негізінде жоспарлар жасалынып, түзетулер мен толықтырулар енгізіле отырып үнемі дамудың, дамытудың бағытында жұмыс жасалып отырады. Оған дәлел, тәжірибе барысында жоспарлар үнемі туындаған қажеттіліктер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып, терең талдаулар негізінде жағдайға қарай түзетіліп, дамуға бағытталып басқару командасымен (2. 16-17бет) бағамдап отырылды. Мектептің перспективалық жоспары бес бағыттажүйеленіп, мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіліктері негізінде мүдделі топтардың (стейкхолдерлердің) қажеттіліктері де ескеріле отырып жасалынды. Жоспарды бірлесе талдап-талқылап, ұзақ пікірталастар арқылы жасаумен қатар, даму режимі бар инновациялық мектептің жұмыс ерекшелігіне сай үнемі түзетулер мен толықтырулар, талдаулар, қайта қарап бағамдау (эвалюация) орын алып отырды. Бұдан, мектеп басшысы ретінде мектеп мәдениетіне жаңаша идеяларды енгізуарқылы жалпы ұжымдық мәдениетке, ұжымдық жұмыс стильіне ықпал етуге болатындығын түсіндім, тәжірибеде көзім жетті. Бірлесе келіскен, терең талдау-талқылаулардан өтіп қажеттілік пен мүмкіндікке негізделген жұмыстардың табысты боларына сеніміміз артты. Табысты мектептердің басшылары біліктілігі жоғары педагог кадрларды тартады және кәсіби ортадағы ынтымақтастықтың негізінде мектептің әлеуетін дамытады, көшбасшыларды әріптестерімен өзара іс-әрекет етуіне ынталандырады(4, 12-бет). Мектеп басшысы ретінде командалық жұмысқа, командалық басқару идеясына назар салып отырдым. Командалық басқару, мысалы, жобаларды жүргізуде командалық басқарудың басшылық жұмысын тиімді етумен қатар, жұмыстың жан-жақты, қызықты, мазмұнды болуына, көшбасшылық құндылықтардың артуына ықпал ететінін команда мүшелері түсініп, қызығушылықтарының арта түскенін көруге болады. Көшбасшылық құндылықты дамыту мен мектеп тәжірибесін жетілдіру үшін бағдарлама идеялары негізінде мектепті басшылық етуші командасы құрылған болатын. Команда мүшелері шебер, зерттеуші педагогтар, магистратуралық білімі бар және деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдерден құрылды. Басшылық етуші команда мектептің алдына қойған мақсатын, стратегиялық бағытын, негізгі идеяны жүзеге асыруда жобалардың жұмысын жандандыруды, түрлі тақырыпта коучингтер, оқытушы семинарлар мен ықшам сабақтар, шеберлік сабақтар өткізу жоспарланды. Екінші тәжірбиелік кезеңде команда мүшелерінің атқарған жұмыстары команда мақсатының орындалу деңгейіне сәйкес бағаланып отырды. Бағалау критерийлері басқарушы командасының алдында мүшелердің есеп беруімен, өзін-өзі және әріптестердің бағалауымен өлшенді. Мектептегі басшылық етуші команданың жұмысы біртіндеп жолға қойылуда. Бұл жобаның артықшылығы команда мүшелерінің бойында басқару қызметі бойынша түсінік қалыптасып, жұмысқа деген жауапкершіліктері,сенімділігі артты. Бірлескен жұмыс топтық жұмыстан командалық жұмыс деңгейіне көтеріле алды деп ойлаймын. Сонымен қатар, мектеп басшылығына лайықты көшбасшыларды дайындауға мүмкіндік берді(2, 3-бет).
Инновациялық процесс инновациялық іс-әрекеттерден тұрады десек, бағдарлама идеяларының бірі- білім беру құндылықтарына негіздей отырып, мектеп мәдениетін қалыптастыру, педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру болатын. 2018 жылғы TALIS зерттеу есебінде «мектептегі білім сапасы оның мұғалімдерінің сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деп тұжырымдалған, яғни бірінші кезектегі міндет мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру болып табылады (3, 4-бет). Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда, басқаруда жаңашыл іс-әрекеттерге, жұмыс формаларына, іс-шараларға назар аудардым. Перспективалық жоспардағы оқу пәндері білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу басымдығы бойынша жоспарланған іс әрекеттер арқылы мұғалімдердің кәсіби проблемаларын анықтауға әсерін тигізді. Мұғалімдермен, оқушылармен қатар жұмыс жүргізуде Lesson study сабақтарын жүргізудің маңызы зор екенін ескеріп, осы бағыттағы жұмысты жандандыруды қолға алдым. Lesson Study үдерісін ұйымдастыру іске асыружәне тәжірибеге енгізу арқылы мектептегі білім беру процесіне тән көптеген мәселелер анықталса, сонымен қатар олардың бірқатарын сол мұғалімдердің өздері арқылы шешім табуына мүмкіндіктер болды, шешілді. Бұл әдістің нәтижесінде білім алушылардың сабаққа ынтасы артты. Сабақтарды фокус топтарда бірлескен мұғалімдермен жоспарланғандықтан, барлық мұғалімнің зерттеуші бола алатыны, білім алушылармен бірлесе кез келген проблеманы шеше алатыны белгілі болды. Егер проблеманың табылған шешімі әрдайым өзінің дұрыстығын растаса, ол солай болуы тиіс нәрсе ретінде қабылдана бастайды(1, 31-бет). Lesson Study-дің тұрақты, жүйелі жүруі мектепішілік бақылауға енгізіліп, мониторинг жасап отыру қолға алынған еді. Мұның өзі мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережесіне сай болғандығы, мұғалімдердің аттестаттауына көмегінің болғандығы қуантып отыр. Бұған дейін бақылау жүргізілмеген бұл жұмыстарды мектепішілік бақылауға тұрақты енгізу арқылы жүйелілік пен дамуға жол ашылатынын түсіндік. Тұрақтылық бар жерде жүйелілік, ал тұрақтылық пен жүйелілік бар жерде дамудың болары сөзсіз.
Командамен бірлесіп жұмыс істеу және мұғалімдердің кәсіби даму мақсатында кәсіби-қоғамдастық тобының айлығы жоспарланды. Кәсіби-қоғамдастық тобының айлығында жоспарланған «Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер», «Сабақты бірлесе тиімді жоспарлаудың білім сапасына әсері», «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту», «Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқытудың мақсатына қол жеткізу» тақырыбында коучингтер,«Электронды портфолио құрудың тиімді жолдары» атты практикум, «Study» сабақ барысында құндылықтар жүйесін оқушылар бойында қалыптастыру бойынша өткізілген ықшам сабақтар мұғалімдердің әдістемелік әлеуетін арттырып, мектеп мәдениетіне ықпал еткенін байқадым.
Мектепте оқушыларды пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындау бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейту мақсатында «Мен зерттеуге үйренемін» жобасы жоспарлы жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар да жетістігін беріп, ата-аналардың да қызығушылығын оятты. Жоба аясында ата-аналардың бала тәрбиесіне, оқуына ықпалын арртыра алдық деп есептеймін. Оған дәлел ретінде ата-аналардың мектепке деген, мұғалімге деген көзқарастарындағы, ой-пікірлеріндегі сындарлы, позитивті өзгерістерді атуға болады.
Ұжымдық ахуал мектептің оқу тәрбие үдерісіне тікелей әсер ететіндігін ескеріп, мектеп психологымен бірлесіп «Көңілі көтеріңкі ұстаздыңеңбегі де жемісті», «Өзіңді-өзің бағала!» тақырыбындағы тренингтер өткізілді. Осылайша мұғалімдердің бала оқытудың әрбір әрекетіне жақсы көңіл-күймен, жоғары белсенділікпен кірісетіндігі, кәсіби тұрғыда өзін-өзі бағалау деңгейлері көтерілгендігі байқалды.
Қазіргі білім берудің құндылығы – мазмұнға негізделген білім беру, мұнда оқуға деген негізгі көзқарас оқушының қажеттіліктеріне бағдарланған сыныпқа негізделеді, бастысы – білім беру ғана емес, оқуға деген ынтаны қалыптастыру, балаларға оқуды үйрету, оқушылардың құзыреттіліктерін жаңарту қабілетін қалыптастыру (1,4 бет). Құндылықтарға бағдарланған тәрбие бағыты бойынша мектепте жүргізіліп жатқан жобаларға педагогтар мен оқушылар жоғары белсенділікпен атсалысуда. Мысалы, «Оқуға құшатар мектеп» жобасының аясы кеңейтіліп оған оқушылардан бөлек мұғалімдер, ата-аналар тартылды, жаңа форматтағы инновациялық іс-шаралар жүзеге асырылды. Мектеп ұжымымен «Бірге оқимыз!» айдары аясында іс-шаралар өткізілді. Оқуға ұсынылған «Менің атым Қожа», «Жабайы алма», «Ұшқан ұя», «Ай мен Айша» кітаптары талқыланды. «Мектебіңе кітап сыйла» акциясында ұжым мүшелері, ата-аналар және оқушылар тарапынан кітапхана қоры толықтырылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасының міндеттері әдеби кітаптардың мәртебесін көтеру, кітап оқуды сәнге айналдыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту,білім беруді қолдау, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру және өмір бойы өзін-өзі жетілдіру болатын. Қазіргі таңда осы міндеттер орындалып, жоба өз нәтижелерін беруде. Солардың бірі, облыс көлемінде мектебімізге қарасты Әбубәкіровтар отбасы, Жолдыбаевтар отбасы «Үздік оқырман-отбасы» атанды.
«Жасыл кеңістік» жобасы аясында жоспарланған іс-шаралар білім алушылардың бойында еңбек және экологиялық мәдениетті, экологиялық сана-сезім, табиғатқа, сұлулыққа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыруға ықпал етуде.
Салауатты өмір салтын ұстану өзекті мәселелердің бірі. Денсаулық және қауіпсіздік бағыты бойынша «Салауатты ұрпақ» жобасы негізінде «Салауатты тәрбие-балаға өмірлік тәрбие», «Шындық шыңы-ақиқат» тәрбие сағаттары, мұғалімдер және оқушылар арасында ұлттық спорттық ойындар бойынша эстафеталық жарыстар, «Дұрыс тамақтана білесің бе?» акциясы және «Спорт саңлақтары ауылдан шығады» мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды. Бұл жобаларға оқушылармен қатар мұғалімдер, ата-аналар тартылып оқушы-мектеп-ата-ана үштігінің ынтымақтастығының артуына ықпал етуде.
Мектептегі екінші тәжірибе кезеңінде курстан алған біліміммен қатар бірге оқыған әріптестерім арасындағы алмасқан тәжірибемді қайта бағамдай отырып, рефлексиялай отырып мектеп жұмысына енгізу арқылы өзгерістерге қол жеткіздім. Бірге курстан өткен әріптестеріммен кәсіби байланыста болып қоғамдастықта жұмыс жасауым мен үшін тәжірибемді ұштауда үлкен мектеп болды. Қоғамдастық идеясын бұрын білсем де бірақ оның мазмұнына, қағидаттары мен маңыздылығына назар салмаған екенмін. Мұның мектепті инновациялық тұрғыда басқаруда маңыздылығын түсіндім, және әрбір басшы мұның маңызды екендігіне назар салғанын қалар едім.
Әрбір әрекеттің, істің ықпалы болары сөзсіз. Мектептегі өзгерістердің нәтиже бергендігін оқушы мен мұғалімдерден алған сауалнама нәтижелері, команда мүшелерінің отырысындағы талқылаулардағы кері байланыстар, педагогтардың сабақтан кейінгі рефлексиясынан байқадым. Мектептегі басқару командаммен жүргізілген мониторингілеу, эвалюациялау жұмыстары арқылы анықталған кедергі-қиындықтарды жою және мектепті дамыту мақсатында стратегиялық даму жоспарына жаңа бағыттар қосып, өзгерістер, толықтыруларқосу көзделіп отыр. Жоспарда түзетулер мен өзгерістер енгізу арқылы алдағы оқу жылдарына жоспарлы тақырыпты іс-шаралармен, жобаларды нақтыладық. Атап айтсақ, мұғалімдерді өзара серіктестікке тартуға, педагогтар арасында пәніне қарай әдістемелік құралдар дайындауға, оқушылардың ғылыми жоба жұмысына басты көңіл бөлуге бағытталады. Сонымен қатар, педагог әлеуетін көтеру қоғамдастық және кәсіби серіктестік бағытындағы жұмыстарға инновациялық тұрғыда бетбұрыс жасау көзделіп отыр. Тәрбиелік бағыттағы жоспармен қатар пәндік білімдерді дамытуға бағытталған жобалардың санын, сапасын арттыруға шешім қабылдап отырмыз.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. 1-Модуль. Қазіргі білім берудегі құндылықтар. Оқу құралы
2. 3-Модуль.Менеджмент және көшбасшылық . Өзіндік менеджмент және заманауи мектеп басшысының дамуы. Оқу құралы.
3. 5-Модуль мектеп педагогтерінің әлеуетін арттыру. Оқу құралы.
4.10-Модуль. Мектеп басқарудағы әлеуметтік және кәсіби серіктестік. Оқу құралы
Қосымша
1.Педагогтердің әлеуетін арттыру бойынша дәлелдемелер:


«Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» дөңгелек үстел
«Электронды портфолио құрудың тиімді жолдары» практикум
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту
Басшылық етуші команда мүшелерінің есеп беру талқылау отырыстары


2. Мұғалімдердің инновациялық оқыту тәжірибелері дамуының дәлелдемелері:


«Жасыл кеңістік» жобасы бойынша жұмыс жоспары мен атқарылған жұмыстар


«Оқуға құштар мектеп» жобасының жұмыс жоспары



«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша іс-шаралардан көрініс
«Кітап оқудың пайдасы» өтілген іс шаралардан көрініс
«Бірге оқимыз» мұғалімдермен өтілген іс шаралардан көрініс
«Оқы өкінбейсің» бейнероликтер байқауынан көрініс


«Салауатты тәрбие-балаға өмірлік тәрбие» тәрбие сағатынан көрініс



«Асық ату» жарысы.
«Спорт саңлақтары ауылдан шығады» мотивациялық кездесуден көрініс
мұғалімдер арасында ұлттық спорттық ойындар бойынша эстафеталық жарыстар.

3. Мектепте инновациялық тәжірибенің жүзеге асырылуына эвалюация/бақылау және мониторинг жүргізу дәлелдемелер




«Оқушы үні» жобасы аясында алынған сауалнама қорытындысы
«Робототехника» робо-спорты бойынша аудандық чепмионатқа оқушыларды дайындық сәті
«Мен зерттеуге үйренемін» бастауыш сыныптарда жоба жұмысын қорғау сәті
Сабақ барысында құндылықтар жүйесін оқушылар бойында қалыптастыру бойынша ықшам сабақтан көрініс

4. Желілік қоғамдастық дамуының дәлелдемелері (мектепішілік және/немесе мектепаралық):

Кәсіби қоғамдастық тобының қаңтар айындағы айлық жұмыс жоспары
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың- еңбегі де жемісті» психологиялық тренинг
«Өзін өзі бағалау» психологиялық тренинг


Мектеп пен отбасы арасындағы ынмақтастық тақырыбындағы мектепішілік және сынып аралық ата-аналар жиналысы


]]>

]]>
admin Fri, 17 May 2024 10:29:29 +0600
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/446-zady-tla-kln-bajlanys-derekter.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/446-zady-tla-kln-bajlanys-derekter.html Телефон:87076037005
Телефон:5-21-23
Электрондық пошта:sh_b-enbek@mail.ru
Электрондық пошта:ayteshevan@bk.ru
]]>
Телефон:87076037005
Телефон:5-21-23
Электрондық пошта:sh_b-enbek@mail.ru
Электрондық пошта:ayteshevan@bk.ru
]]>
admin Fri, 21 Jul 2023 12:24:17 +0600
Мекеменің толық атауы, орналасқан жері http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/445-mekemen-toly-atauy-ornalasan-zher.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/445-mekemen-toly-atauy-ornalasan-zher.html









]]>









]]>
admin Fri, 21 Jul 2023 11:59:26 +0600
Жарғы http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/443-zhary.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/443-zhary.html




















]]>





















]]>
admin Fri, 21 Jul 2023 10:35:44 +0600
АКТ http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/440-akt.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/440-akt.html

]]>


]]>
admin Mon, 17 Jul 2023 12:31:24 +0600
Лицензия http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/439-licenzija.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/439-licenzija.html


]]>



]]>
admin Mon, 17 Jul 2023 12:24:39 +0600
Тағайындау туралы бұйрық http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/442-taajyndau-turaly-bjry.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/442-taajyndau-turaly-bjry.html
]]>

]]>
admin Mon, 17 Jul 2023 12:20:19 +0600
Мекен-жайы туралы анықтама http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/441-meken-zhajy-turaly-anytama.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/441-meken-zhajy-turaly-anytama.html
]]>

]]>
admin Mon, 17 Jul 2023 12:16:35 +0600
Өзін-өзі бағалау туралы бұйрық http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/471-zn-z-baalau-turaly-bjry.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/471-zn-z-baalau-turaly-bjry.html

]]>


]]>
admin Fri, 26 May 2023 11:16:02 +0600
2022-2023 оқу жылының мектепішілік бақылау жоспары http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/468-2022-2023-ou-zhylyny-mektepshlk-baylau-zhospary.html http://b-enbek.mektebi.kz/zn-z-baalau/zn-z-baalau-mektept-ryltaj-zhattary/468-2022-2023-ou-zhylyny-mektepshlk-baylau-zhospary.html


]]>



]]>
admin Fri, 02 Sep 2022 16:01:56 +0600