1-сынып оқушыларының қалыпты бейімделуін жақсарту мақсатында "Менің сүйікті мектебім" атты психологиялық ойындар ойнатылды. Жұмсақ ойыншық әдісі арқылы сихологиялық ахуал орнатылып, оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін арнады. Түрлі пазлдармен жан-жануарлардың бейнесін жасады. Мектеп жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Мектеп ережелерін айтып топтық сұқпат өтті.
"Бірлесу-Еңбек" орта мектебінің кітапханасында 1-сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жасалды.Білім алушыларды кітапхана ережесімен, және кітап көрмелерімен таныстырылды.
Ұстаздар мерекесіне орай мектеп директоры Н.Айтешева, ДОІЖО- Қ.Амиров, ДТІЖО-Н.Дәрменқұлов ардагер ұстаздар - Тәжібаев Елнар ағайға, Зарипа әпки, Құрманкүл әпкилердің үйіне барып, мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен "Таза бейсенбі" акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында мектеп ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, көгеріштендіру мақсатында гүлдер отырғызылды.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Таза бейсенбі" акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында мектеп ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, көгеріштендіру мақсатында гүлдер отырғызылды.