тарихымыз
Аудан 1928 жылы Әулиеата ауданы атымен (шамамен 946-992 жж. өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулиеата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесінің құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулиеата қаласында болған. Бұл - Кеңестер Одағының жер-жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген. [5] 1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда, Түркістан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан