Интернетсіз бір күн » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(713) 4-535622
Бухгалтерия
+7(713) 4-535622
Версия для
слабовидящих
» » Интернетсіз бір күн
28
январь
2019

Интернетсіз бір күн

 

                

                     «Бірлесу-Еңбек» орта мектебі




Тәрбие сағаты


«Интернетсіз бір күн »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекші: Сыпатова .Н

Тақырыбы: «Интернетсіз бір күн»

Мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр.

Міндеті : интернет пен агенттің пайдасыз, компьютердің денсаулыққа зиян екендігін білуге тәрбиелеу.

Түрі : әңгіме

Әдісі: дөңгелек үстел

Технологиясы : Дамыта оқыту, сұрақ-жауап, ой толғау

Көрнекілігі: Слайдтар, жадынама.

Қолданылған техникалық құралдар : компьютер, интерактивті тақта

Барлық оқушылар саны: 13 Қатысқаны: 13

Оқушылардың белсендiлiгi: өте жақсы

Шараның тәрбиелiк әсерi: интернеттің жағымсыз,жағымды жақтарын түсіндіру,оның адам психологиясына әсері туралы әңгімелеу,одан сақтандыру жолдарын үйрету

Шараның дамытушылық әсерi: Интернеттің психологияға және денсаулыққа зянды әсерінен аулақ болуға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Интернет пен агентті уақытлы пайдалану,тиімді, тиімсіз жақтарын ұғыну.

Ұсыныстар:

Оқытушы: Біз осы жайында өз ой- пікірімізбен таразыға салып көрейік.

Қатысушылар «Парасат» тобы «Ақиқат» тобы

Жақтаушы Даттаушы

Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың бөлімдері:

І. Кіріспе

1. Екі фракцияда үш спикерден болады.

2. Екі фракцияның спикерлері өздерін таныстырады.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.

2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.

3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.

ІІІ. Қорытынды

Сайысымыздың ережесі:

1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу

2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма

3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.

4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.

5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Оқытушы: Таныстыру уақыттарыңыз-1- минут

Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы)

Қарсы жақтың спикері: (Ақиқат тобы)

Оқытушы: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Уақыттарыңыз шектеулі -2 минут.

«Парасат» жақтаушы фракциясы тобы сөз кезегі сіздерде.

Оқытушы: Дәлелдеңіз.

Дәлелдейтін болсақ:

1. Интернеттің әр сайты тың жаңалықтарға толы, агент ешқашан құнын жоймайды.

2. Интернетке кіру мәдениеттіліктің негізі.Сайт беттерін жаңарту керек, агент алыс-жақын адамдардың бір-бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден-бір жаңа технология.

3. Интернетпен байланысын тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.

Оқытушы: Қарсы жақ –даттаушы «Ақиқат» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде.

Оқытушы: Дәлелдеңіз.

Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:

1. Интернет пен агент оқушылардың санасын улап, ойлау қабілеттерін тоқырауға ұшыратады.

2. Интернетте жаманды жақсы ақпараттардың көзі көп, соларды ретімен орналастыру керек.

3. Агент қазіргі жас өспірім оқушылардың санасын улап, ойлау қабілеттерін жоғалтып, қайғылы да қасіретті жағдайларға душар болып отыр.

Оқытушы: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут

Қарсы жақ ұсынысы: Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді.

Оқытушы: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?

Жақтаушы жақ ұсынысы: Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

ХХІ ғасыр адамзаттың ақпараттық кезкңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты қажетті ақпаратты ала білу, оны өңдей білу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың және кез-кеоген маман иесінің қажетті шарты болып табылады.Сондықтан да қазіргі заман талабы болып саналатын Электронды есептеуіш машиналар операторын жетік меңгеру керек. Себебі компьютерлік сауаттылық-екінші сауаттылыққа жатады.

Оқытушы: Енді қосымша айтарларыңыз бар ма? Қарсы- даттаушы жақ

Қосымша айтар болса уақыты -2 минут.

Студент: Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп-тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе жасөспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қыяли әлемге кіріп алып, мынау реал дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қыяли әлемдегі өмір өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақылы, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды.Агент арқылы танысқан қаракөз қыздарымыз бен жас жеткіншектеріміз қаншама келеңсіз оқиғаларға тап болды десеңші. Осының бәрі агенттің жасөспірімдердің санасын улап жатыр. Менің ойымша жас жеткіншектердің агентке кіруіне бірінші кезекте ата-ана жауапты. Ата-аналар тарапынан қатаң талаптар болса бала ешқандай жаманшылыққа бармайды. Баланы бағып –қағып өсіретін де, ертеңгі рахатында көретін ата-ана. Оқытушы: Келесі «Парасат тобы» уақыты -2 минут:

Студент: Қазақстанда заңдарды бұзатын интернет-контент туралы мәлімет қабылдайтын "шұғыл байланыс” желісі құрылды.

Абай айтқан ғой, «өзгеше болам дегеннің түбі – мақтан» деп. Тырнақ астынан кір іздей бермеңіздер. Агенттің пайдасы бар. Бір мезгілде бірнеше адаммен хаттасуға, хабарласуға. Қазіргі жастардың саналарында агент пен интернет қалыптасып кеткен. Осы бір екі нәрсесіз қазіргі жиырма бірінші ғасырды тіптен елестете алмаспыз. Кезінде интернет адамзатқа ақпарат көзі ретінде, агент тиімді әрі бағасы да арзан қарым-қатынас жасауға арнайы шығарылған пайдалы дүниелер еді. Қазір осы екеуі халық жауына айналып, әлі де болса өмірдегі ақ пен қараны айыра алмайтын жастардың санасын уландыруда.Агентті пайдасыз зат деп айтуға болмайды. Онымен орынды қолданар болсақ, мұндай хәлге душар болмас едік. Сабақ үстінде агентте отырып сабақты оқымайтың ұл-қыздар өте көп.

Оөытушы: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз бар болса, уақыттарыңыз 2 минут.

«Парасат тобы» Жақтаушы жақ

Студент: Сіз агентке кіріп жүресіз.Осы агенттің пайда-зияны турасында ойландыңыз ба?

Бұл нәрсе біздің санамызды улап алғалы қашан?! Осы агент арқылы қыз-жігіттеріміз бір-бірімен шатасып әлек болып жатыр ғой.Жасы бар кәрісі бәрінің кездесетін нағыз жын-ойнақ деуге болады.Жоғарыдағы ел ағаларымыз бұл нәрсеге заң жүзінде тиым салу керек деп ойлаймын.

«Ақиқат» тобы қарсы жақ: Сіздің ойыңызша агенттен қалай құтыламыз?

Көзқарақты кісілер: алғаш келген әр қандай жаңалық (зат болсын) елді бір дүрліктіп алатыны секілді, бұл да жаппай етек алып барады. «Қой көрмеген қуалап өлтіреді» дегендей тегін байланыстың да тиімсіз тұсын сезінгендер селт етіп өзін тартып алады, сөйтіп адамдар керекті кезінде ғана ашып, сосын жауып тастап жүре береді, үнемі ашып қоятын дүние емес екенін түсінеді дейді.

Оқытушы: Екі фракцияда сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі кезеңдегі сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.

Оқытушы: Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор, яғни интернет пен агент техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мадени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қыйын.

«Интернет –бір күндік

Кітап-мәңгілік»- дегендей, кітаптан қол үзіп қалар шақта тұрған мына заман интернет пен агенттің заманы.

Дегенмен де «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнелеген.

Тау суындай гүрілдеп,

Айбынды алаш елім дер

Алтын арқа жерім дер

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма сұңқарға

Талу бар ма тұлпарға

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін – дегендей ,

 

ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар.

 


 


 


 



 


 

 


 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
RalphShoky
17 января 2020 05:44
не могу войти в личный кабинет госуслуг

Скачайте программы с нашего сайта

----


http://soft-na-russkom.ru/ocam-screen-recorder/

----

Купить шары

----


шары на выписку из роддома москва

Если у вас нет сейчас денег, то можно занять

-----


взять займ онлайн

----

Кликни по ссылке, чтобы посмотреть

----


доставка гелиевых шаров
Boecpromi
27 мая 2020 12:38
Подходит! Но я сделал бы вот так: клац