"Білімнің бастауы - балабақшада"
Тақырыбы: Білімнің бастауы – балабақшада Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін айтып өту. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру. Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді. Балалар ортаға кезекпен шығып тақпақтарын айтады: 1 - бала: Өмірдің бейбіт бағы бұл, Асудан асып асқарлы Мінекей биыл тағы бір Жаңа оқу жылы басталды. 2 - бала: Балабақша есігін Үшке тола ашқанбыз.