11
September
2024
«Дін-тәрбие діңгегі» кездесу
Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» орта мектебінде 11-ші қыркүйек күні мектепттің өзін-өзі басқару ұйымы яғни мектеп парламентімен «Дін-тәрбие діңгегі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: Жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, қазіргі діни ахуал жайлы түсіндіре отырып, жас ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру. Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ, теріс пиғылды діндерге қарсы тұратын иммунитет қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу.
Жиын барысында оқушыларға тақырып аясында бейне роликтер көрсетіліп, діннің тәрбиеде алатын орны ерекше екені баса айтылды. Сонмен қатар діндердің шығу тарихы, таралуы, қазіргі таңдағы теріс діни ағым өкілдерінің қате пікірлері дәлелдермен келтіріліп баяндалды. Қатысып отырған оқушылар тарапынан өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға тұщымды жауаптар алынды. Іс-шараны ұйымдастырушы, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Жанқоразов кездесу барысында «Өзін-өзі басқару ұйымының» әр бір мүшесінің мектебіміздің оқушыларының дұрыс бағытта білім алып тәрбиеленуіде алатын орны ерекше екенін атап өтті.