18
October
2023
Түнгі рейд
«Бірлесу-Еңбек» орта мектебінде 2023 жылдың қазан айында жоспарға сай мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, құрамында мектеп әкімшілігі, ауылдық округ мамандары және полиция лейтенанты Алибеков Бейбарыс Қайратұлы бастаған топ мүшелері кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында кешкі рейдттер жүргізді. Мақсатымыз түнгі беймезгіл уақытта жасөспірімдердің ата-анасыз көшеде жүруін сонмен қатар қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу болатын. Рейд барысында да ешқандай құқықбұзушылық яғни ата-анасыз және Заңды өкілінсіз жүрген жасөспірім тіркелмеді.