26
October
2023
"Кім боламын?" сурет байқауы
«Бірлесу-Еңбек» орта мектебінде қазан айының 26 күні кәсіби бағдар беруші педагог Т.Коштаеваның ұйымдастыруымен 4-сынып оқушыларымен «Кім боламын?» тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Сайыстың мақсаты бастауыш сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, әрбір баланың жеке ішкі арманы мен қабілеттерін анықтау болды. Сайыс барысында оқушылар өскенде кім болатынын, не себепті ол мамандықтың ұнайтынын және өздерінің сол мамандыққа байланысты суреттерін таныстырды. Сайысқа барлығы 12 оқушы қатысты. Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.