ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ » Страница 2 » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(713) 4-535622
bookkeeping:
+7(713) 4-535622
Version for
visually impaired
Желілі ойын:"Дүкен"
16
July
2024
Желілі ойын:"Дүкен"
"Дүкен" ойыны балалардың бойында қарым-қатынас дағдыларын дамытуға үйретеді.
"Көңілді шарлар" ойыны
03
July
2024
"Көңілді шарлар" ойыны
"Көңілді шарлар" ойынының мақсаты: балалардың ірі моторикасын дамытуға арналған.Сонымен қатар, балаларды жылдамдыққа,ептілікке,шашаңдыққа баулиды.Жағымды көңіл-кhouseқалыптастырады.
Шебер қолдар өнері:түймеленетін,байланатын бұйымдарды түймелеуді, байлауды пысықтау
01
July
2024
Шебер қолдар өнері:түймеленетін,байланатын бұйымдарды түймелеуді,
Шағын орталық тәрбиеленушілерін ептілікке, өз-өзіне қызмет етуге баулу мақсатында аяқ киімнің бауын байлауды,киімнің түймесін түймелеуді үйрету жұмысы жүргізілді.Бұл жұмыс барысында балалар ептілікке,шапшаңдыққа үйренді.
"Оң мен сол". Аяқпен,қолмен жаттығу
20
June
2024
"Оң мен сол". Аяқпен,қолмен жаттығу
Аяқ пен қолға арналған жаттығулар,сонымен қатар,жалпы дамытатын жаттығулармен жүйелі түрде айналысу баланың дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан айналым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады. Жалпы дамыту жаттығулар кешенін қолданудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс және уақытылы бекиді, омыртқа иілістері
"Кім жылдам" таяқшалардан геометриялық пішіндер құрастыра білу.
19
June
2024
"Кім жылдам" таяқшалардан геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Балалардың ептіліктерін жетілдіру, жылдамдыққа үйрету мақсатында "Кім жылдам?" тақырыбында таяқшалардан геометриялық пішіндерді құрастырып жаттықтыру жұмысы жүргізілді. Жұмыс жарыс түрінде өткізілді. Балалардың геометриялық пішіндер турлы түсініктері пысықталды.
"Табиғаттағы еңбек".Ағаштарға су құйғызу, жапырақтарын тамашалату.
18
June
2024
"Табиғаттағы еңбек".Ағаштарға су құйғызу, жапырақтарын тамашалату.
Балаларға табиғатты аялауға үйрету, экологиялық тәрбиені жетілдіру, аула өсімдіктеріне күтім жасау, өзгелердің еңбегіне құрметпен қарауды үйрету мақсатында мектеп ауласындағы гүлдер мен ағаштардың шөбін жұлу, су құю жұмыстары ұйымдастырылды.
Желілі ойын "Бөпешім"
14
June
2024
Желілі ойын "Бөпешім"
Желілі ойын "Бөпешім". Мақсаты: балаларды қамқорлыққа, өз-өзіне қызмет етуге үйрету. Қуыршақты жуындырып, киімін ауыстырып, тамақтандырып ойнау арқылы балалардың бойынша қамқорлық сезімін, жанашырлығын дамыту.
Ертегі тамашалау
11
June
2024
Ертегі тамашалау
Ертегі терапиясы - кейіпкерлердің образын қолданған және талдаған кезде ертегілерді тыңдау немесе эмоция шығару арқылы балаға өзінің қорқынышы мен үйрейін жеңуге мүмкіндік беретін психотерапевтік бағыт. Ертегі терапия баланың тәртібін түзетуге, және де келесіні дамытуға мүмкіндік береді: - қарым-қатынастық дағдыларын; - елестетуін; - креативтілігін; - сыни ойлауын.
"Дәстүрлі емес" сурет техникасымен сурет салу
05
June
2024
"Дәстүрлі емес" сурет техникасымен сурет салу
Шағын орталықтың жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес тәрбиеленушілермен "Дәстүрлі емес" сурет салу техникасы арқылы сурет салу ұйымдастырылды. Бұл әдіс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұсақ қол моторикасын жетілдіруге арналған.Сонымен қатар,бұл техника балалардың танымдылығын арттырады, сезімдік қабылдауына әсер етеді.
1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған "Алақай,жаз келді" мерекелік іс-шарасы өткізілді.
03
June
2024
1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған "Алақай,жаз келді"
Шағын орталық тәрбиеленушілерімен 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған "Алақай,жаз келді!" тақырыбында мерекелік іс-шарасы өткізілді.Іс-шара барысында тәрбиеленушілер өз өнерлерін ортаға салды. Шараға арнайы келген кейіпкерлер балалардың көңілін ән-бимен, түрлі ойындар ойнату арқылы көтерді. Іс-шара соңында балалар асфальтқа сурет салып жарысты.Мейрам құрметіне балаларға тәтті балмұздақ таратылды.