Елің сүйген, елі сүйген- Елбасы
«Елің сүйген, елі сүйген - Елбасы» мерекелік кештің бағдарламасы
Мақсаты:
1. Schoolchildren Қазақстан Республикасының The presidentі
Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға
және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау
жасау арқылы білімдерін толықтыру;
2. Жасөспірім балалардың интеллектуалдық
қабілеттерін қазақтың дара тұлғаларының жалынды жырлары арқылы дамыту
3. Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ата-бабамыздың ғасырлар
бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түйсіне
отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі: жатқа монолог, өлеңдер оқыту, деректі фильм көрсету, слайд, плакаттар, ән-кhouseмен би шығармаларымен
көркемдеу т.б.
Видеоролик
1 – жүргізуші:
Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен
сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан,
аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел
болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген,
ешкімге ұқсаMayтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек.
Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы,
адалдығы, бірлік-берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртын назарына
аударыпты. Бақыт деген құстан қайда барып тұрақтайсын десе ынтымағы жарасқан
елге деген екен. Ал, бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты.
2 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш
The president күніне арналған «Елін сүйге, елі сүйген -Елбасы» атты салтанатты
жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (Гимн)
Алғашқы құттықтау
сөзді мектеп директоры Айтешева Нұркүл Джексенбекқызына береміз.
1 – жүргізуші: «Қазақстан
Республикасының The presidentі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура
мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев
қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс
және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе
тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ
болатын.
2 – жүргізуші: Жас Назарбаев
соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от -
жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін
басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш The presidentі болды.
1 – жүргізуші: 1991 жыл 1
желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш The presidentі болып Н. Ә. Назарбаев
сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның The presidentі болып, елімізді
көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін таныты десе болады.
2 – жүргізуші: Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол
тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз
керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда
жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі
болғай!
Азаттық
пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап. (хормен)
Есентаева
Аружанның орындауындағы «Жаным
Қазақ» әнін қарсы алыңыздар
1 жүргізуші:
Елі үшін көтеріп нар
жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
2 – жүргізуші:
Ән мен күйді
төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.
Келесі кезекте қыздардың
орындауындағы әсем биді қабыл алыңыздар
Досымжан:
Қазақ атың бар әлемге таныттың,
Атыменен қазақ деген халықтың.
Маңдайынан тер ағызып күрестін,
Көк жиектен көрінгенше жарық күн.
Мұның бәрін алып көрсек сарапқа
Ел басымыз қиындыққа қараппа
Берер көмегін қазағыма халқыма
Мақтанышпен түсіремін параққа
Нұрсұлтандай басшымыз бар деп сеніп
Қазіргідей аз мұнайып, көп күлем
Болашаққа көш бастаса біздің ел
Нұрсұлтанның нұрлы жолы деп білем
Жанерке:
Бірлігі жарасқан елміз міне бүгінде,
Артқа тартып халқым енді шегінбе.
Дағадарыстан шығып алға бет алдық
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің бе?
Даңғыл жолға салып берер Нұр аға,
Енді халқым ешқашанда құлама.
Барлық жерден жиып теріп қазақты
Халқы үшін жанын салған ғұлама.
Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,
Әрқашанда алда жүрді жеңісі.
Бүкіл әлем тыныштықты тілейді,
Себебі бұл Нұр ағанын жемісі
Ерсұлтан:
Бүкіл әлем таң қалған,
Парасатты, данышпан,
Мойындаған бар ғалам,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Жасты еңбекке баулыған,
Ақсақалын сыйлаған,
Салт-дәстүрді сақтаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Дін мен ұлтты жинаған,
Мәмілеге шақырған,
Бейбіт күнге жол салған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Жасұлан:
Достықпен дүниені табындырдың ,
"Киелі” кең далаңа ел қондырдың .
Нұрсұлтан жасай бергін-бейбіт жолы,
Әлемге қазақ елін таныстырдың.
Елнұр:
Жырласаң, жақсылықты
жырла, тілім!
Жақсыға ашылады көңіл гүлім!
Кешегі Абылайлар ізін басқан.
Елбасына арналар бүгін жырым.
Үшқоңыр баурайының белінде өскен,
Әбіштей әкесі әділ өмір кешкен.
Нұр-аға халық үшін жасар істің
Бәрін де бесенеден біліп өскен.
Рамазан:
Жас елдің желбіретіп туын
көкке,
Жанарын жас Нұрсұлтан тіккен өрге.
Сол сәттен қазақ деген ұлы елдің
Бақыты мамыражай шөккен көкте.
Қазақта Абай деген ақын адам,
Даналық даңғылында хәкім адам!
Абайды сүйіп өскен, әлем білген
Елбасы – өз еліне жақын адам!!!
Әлішер:
Тамырын терең тарихтан тартып екшеген,
Жүзінен нұры, жүректен жыры өшпеген!
Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол
ауыр,
Келеді Елі бастаған ұлы көшпенен!
Даналық, мәрттік, ірілік, иман, мың
өнер,
Дарабоз, дархан туған ұлым деп біледі
ел!
Қай заманда да жол бастар ұлы
тұлғалар,
Халқыңның мына бақытына аман жүре гөр!
Бекзат:
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қыиындыктан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас отаның өмірінде түсініп
Елім, жерім деп ұрандап тайсалMay
Бір керемет жасадау кісілік!
Аружан:
Серпігенде бодандықтың тұманын
Жетті әлемге ұраның мен жыр-әнің
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Ел тірегім- қайратым,
Абыройым-айбатым ,
Бағым үшін жүр аман
Нұр сәулетті ,Нұр ағам
Келбетіңен ізгілік нұр көрінген.
Ізгіліктің ар алабы өрілген
Ел тірегім- Нұр сәулетті ,Нұр ағам
Мағжан:
Бағдарлап елдің ертеңін ,
Тыныштық тауып жатпаған
Болашақ үшін тер төгіп
Үмітін елдің ақтаған
Қиялы ұшқыр ойлы адам
Әлемге болған аты аңыз
Ұрпақтың қамын ойлаған
Аман - сау жүрші , Атамыз
Ролан:
Арманың орындадың бабалардың
Көтердің көкшіл туын даналардың
Қазақтың асқақтатар өр рухын
Ақтадың аппақ сүтін аналардың
Ұл едің қатарынан артық туған
Еңбекке жастайынан белін буған
Танытып әрбір елге белін буған
Жастарға жалын бердің білім қуған
Бейбіт:
Сәулесі күн шатырлы аспан
Кең дала төсі
толқыған егін
Көлдері
күміс шашқан
Қазақстан
–Республикам менің
Толтырған
гүлге даланы
Жайнатқан
ауыл қаланы
Ардақты
атамекенім
Отаным
Қазақстан менің!
Нұрай:
Күннен күнге көркейіп өсіп кеді міне астанам
Коркейіп жатыр еліміз Назарбаев бастаған
Көтеріліп еңсесі
озық тұр мүлдем басқадан
Қалып қойды шаңында Ресейіңде мақтаған
Көңілім шат қуанам өсіп жатса еліміз
Мақтауға тұрар
елім бар сенбесең келіп көріңіз.
2 жүргізуші:
Азаттық, теңдік
әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
«Көк тудың
желбірегені» әнің орындайтын Есеналы Ролан
1 – жүргізуші:
Еліміз бар, жеріміз
бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты: - деп келесі
кезекті 7 – сыныптағы ұлдардың орындауындағы биді қабыл алыңыздар!
Елбасы оқушы көзімен…
Аружан: Елбасының аз ғана жылдарда адам
айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жетері сөзсіз.
Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр
бодан болған елдің тізгінін Нұрағаңдай азаматтың ұстауы - Алланың халыққа
берген сыйы еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да
Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жетті.
Сайда: Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің
жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы;
еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең
білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты
сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің–өзегім дейтін Азамат.
Досымжан: Н.Назарбаев – адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын
жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған
асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының
бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.
Жанерке: Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,
халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдениетін,
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның
мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды
Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған,
тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті;
Жанерке: Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,
халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдениетін,
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның
мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды
Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған,
тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі;
елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халықаралық қауымдастыққа кеңінен
танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі
асатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын аузы уәлі,
сөзі дуалы саясаткері.
Ролан: Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы
жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның
лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған
халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын
діңгегі.Жүргізуші: Бәріміз жақсы білетін Назарбаев, міне, осындай адам.
Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұндай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қазақстан, ердің аты – Нұрсұлтан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды.
2 – жүргізуші:
Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған.
«Қазақстан бақытты» әнің қабыл алыңыздар!
Би «Қазақстан»
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Тұңғыш The president күні баршаңызға құтты болсын! «Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.